https://sputnik.kz/20251123/qazaqstanda-adamnyn-kredittik-reytingi-qalay-zhurgiziledi-59031969.html
Несие саны және мерзімі өткен күндер: кредиттік рейтинг қалай қалыптасады
Несие саны және мерзімі өткен күндер: кредиттік рейтинг қалай қалыптасады
Sputnik Қазақстан
Кредиттік бюро дербес кредиттік рейтинг жасағанда қарыз алушының кредиттік тарихы және басқа да дербес деректерінің негізінде автоматты түрде балл есептейді 23.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-23T11:32+0500
2025-11-23T11:32+0500
2025-11-23T12:18+0500
банк
кредит
рейтинг
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_bd929e9e0bb7d39a6623b8475ce07708.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанда кредиттік бюролар заң бойныша адамның кредиттік тарихын ғана емес, дербес кредиттік рейтингін де жүргізіп отырады. Соған қарай кредитті мақұлдау ықтималдылығын бағалауға болады. Sputnik Қазақстан кредиттік рейтингті жүргізу тәртібін ұсынады.Балл есептеледіКредиттік бюро дербес кредиттік рейтинг жасағанда қарыз алушының кредиттік тарихы және басқа да дербес деректерінің негізінде автоматты түрде балл есептейді. Соған қарай кредитті мақұлдау ықтималдығын бағалауға болады. Рейтингке көптеген фактор әсер етеді. Олар:Алайда дербес рейтингте жоғары баллдың өзі кредиттің мақұлданатынына әрдайым кепіл бола бермейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызға ақша бергенде жеке алгоритмдерін, сондай-ақ, әртүрлі скорингтік модельдерді пайдаланады.Рейтинг банктен кредит алуға қалай әсер етеді?Кредиттік рейтинг қарыз алушының адалдығы мен сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, кредиттік тәуекелдер соғұрлым төмен болады. Соның нәтижесінде кредитті мақұлдау ықтималдығы артады.Ал кредит берудің алдында қаржы ұйымдары клиенттің төлем қабілеттілігін бағалауға міндетті. Бұл - заңның басты талабы.Кредиттік рейтингті қалай жақсартуға болады?Кредиттік рейтингті жақсарту үшін алыдмен кредиттерді уақытында төлеу керек. Төлемді есептен шығару күніне дейін 5-7 жұмыс күні бұрын жасаған дұрыс."Егер мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болса, оны қолданыңыз. Дегенмен, банктің мерзімінен бұрын өтеуді дұрыс жазғанына көз жеткізіңіз. Кредитті толық өтеу туралы анықтаманы да сұраңыз. Ал кредит мерзімін өткізіп алған жағдайда кредиторлардан қашпау қажет. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда проблемалық берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады", - дейді қаржыгерлер.Кредиттік рейтингті қалай тексеруге болады?Қазақстан азаматы жылына бір рет өзінің кредиттік рейтингін тегін тексере алады. Рейтингті онлайн тексеру жолдары:Офлайн тексеру жолдары:Кредиттік рейтингті тексеру үшін жеке куәлікті көрсету керек.
https://sputnik.kz/20251110/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-zhinagyn-ipotekalyq-kredit-merzimin-qysqartu-ushin-qoldanuy-mumkin-58611361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_fdef1871d0d893ef612388bc5bd7d65b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
банк, кредит, рейтинг
Несие саны және мерзімі өткен күндер: кредиттік рейтинг қалай қалыптасады
11:32 23.11.2025 (жаңартылды: 12:18 23.11.2025) Кредиттік бюро дербес кредиттік рейтинг жасағанда қарыз алушының кредиттік тарихы және басқа да дербес деректерінің негізінде автоматты түрде балл есептейді
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанда кредиттік бюролар заң бойныша адамның кредиттік тарихын ғана емес, дербес кредиттік рейтингін де жүргізіп отырады. Соған қарай кредитті мақұлдау ықтималдылығын бағалауға болады. Sputnik Қазақстан кредиттік рейтингті жүргізу тәртібін ұсынады.
Кредиттік бюро дербес кредиттік рейтинг жасағанда қарыз алушының кредиттік тарихы және басқа да дербес деректерінің негізінде автоматты түрде балл есептейді. Соған қарай кредитті мақұлдау ықтималдығын бағалауға болады. Рейтингке көптеген фактор әсер етеді. Олар:
мерзімі өткен күндердің болуы;
қолданыстағы кредиттердің саны;
борыштардың көлемі мен жиілігі;
сот пен коллекторлық істер.
Алайда дербес рейтингте жоғары баллдың өзі кредиттің мақұлданатынына әрдайым кепіл бола бермейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызға ақша бергенде жеке алгоритмдерін, сондай-ақ, әртүрлі скорингтік модельдерді пайдаланады.
Рейтинг банктен кредит алуға қалай әсер етеді?
Кредиттік рейтинг қарыз алушының адалдығы мен сенімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, кредиттік тәуекелдер соғұрлым төмен болады. Соның нәтижесінде кредитті мақұлдау ықтималдығы артады.
"Қарыз алушының кредиттік рейтингі төмен болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит беруден бас тартуға құқығы болады. Себебі төмен рейтинг ақшаны қайтармаудың жоғары тәуекелін білдіреді. Кредит беру кредитордың міндеті емес, құқығы болып табылады. Мерзімін кешіктірулер болмаса да, банк тәуекелді тым жоғары деп санаса, бас тартуы мүмкін", - дейді мамандар.
Ал кредит берудің алдында қаржы ұйымдары клиенттің төлем қабілеттілігін бағалауға міндетті. Бұл - заңның басты талабы.
Кредиттік рейтингті қалай жақсартуға болады?
Кредиттік рейтингті жақсарту үшін алыдмен кредиттерді уақытында төлеу керек. Төлемді есептен шығару күніне дейін 5-7 жұмыс күні бұрын жасаған дұрыс.
"Егер мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болса, оны қолданыңыз. Дегенмен, банктің мерзімінен бұрын өтеуді дұрыс жазғанына көз жеткізіңіз. Кредитті толық өтеу туралы анықтаманы да сұраңыз. Ал кредит мерзімін өткізіп алған жағдайда кредиторлардан қашпау қажет. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда проблемалық берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады", - дейді қаржыгерлер.
Кредиттік рейтингті қалай тексеруге болады?
Қазақстан азаматы жылына бір рет өзінің кредиттік рейтингін тегін тексере алады. Рейтингті онлайн тексеру жолдары:
2.
Бірінші кредиттік бюро сайты немесе қосымшасы (1cb.kz);
1.
"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ (МКБ);
2.
"Бірінші кредиттік бюро" ЖШС (БКБ);
3.
ХҚКО немесе Қазпочта бөлімшесі.
Кредиттік рейтингті тексеру үшін жеке куәлікті көрсету керек.