Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды

Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында үш жаңа өрт сөндіру орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Барлық нысанға өрт сөндіру автокөлі, бір автокран секілді жаңа техника мен қажетті құрал-жабдық табысталды.
"Жаңа нысандар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың қауіпсіздігін қорғау және өңірдегі азаматтық қорғау жүйесін одан әрі нығайту", – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды
Біріншісі – Ақтау қаласында модульдік құрылымы бар жаңа ангарлық өрт депосы. Жаңа нысан Ақтау қаласының төменгі шағын аудандары мен Приморский шағын ауданын, сондай-ақ Өмірзақ ауылын, өндірістік және демалыс аймақтарын қамтитын аумаққа қызмет көрсетеді. Жалпы халық саны шамамен 40 мың адам.
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2025
Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды
Екіншісі – Тұщықұдық ауылында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ашылған жаңа ерікті өрт посты. Бұл нысан Шебір және Қияқты ауылдарына қызмет көрсетеді, онда 3 400-ден астам адам тұрады.
Үшіншісі – Қарақия ауданында Төтенше жағдайлар бөліміне арналған бірегей әкімшілік ғимарат ашылды. Жаңа ғимарат Қарақия ауданында азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға, қызмет сапасын арттыруға және тұрғындарға заманауи жағдайда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аудан халқы шамамен 38 400 адамды құрайды.
Противопожарная техника вручена Каркаралинскому нацпарку и Науырзумскому заповеднику - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2025
Қазақстанда ұлттық парк пен қорыққа өртке қарсы отандық техника табысталды
Жаңалықтар
0