Түркияда қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаВ военном вузе Турции открыли мемориальную доску казахстанскому офицеру
В военном вузе Турции открыли мемориальную доску казахстанскому офицеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қараша - Sputnik. Түркияның әскери жоғары оқу орнында қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Түркияның әскери жоғары оқу орнында Қазақстан қарулы күштерінің офицері, Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Оған офицердің жұбайы мен екі қызы қатысты. Жиналғандар бітімгердің рухына бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.
© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаТүркияда қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды
В военном вузе Турции открыли мемориальную доску казахстанскому офицеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Түркияда қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды
Бұл шара Қазақстанның қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың Түркияға ресми сапары барысында болды.
"Ескерткіш тақтаның дәл осы әскери оқу орнында ашылуы бекер емес. Қайрат Құдабаев осы институттың түлегі. Қазақстандық офицер жарылыс кезінде өз денесімен жарылған оқ-дәрілерді жауып, жолдастарын аман алып қалды. Ерлігі үшін ол I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", – деді қорғаныс министрі.
© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаТүркияда қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды
В военном вузе Турции открыли мемориальную доску казахстанскому офицеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Түркияда қазақстандық офицерге арналған ескерткіш тақта ашылды
Сондай-ақ Дәурен Қосанов Анкарадағы Түркия құрлық әскерлері әскери институтында қазақстандық курсанттармен кездесті. Олардың оқу және тұрмыс жағдайларын көрген министр оқу үлгерімі мен өзекті мәселелерді талқылады.

Жаңалықтар
0