https://sputnik.kz/20251122/qazaqstandyq-sportshy-surdlimpiya-oyyndarynyn-chempiony-atandy-58998055.html
Қазақстандық спортшы Сурдлимпия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Сурдлимпия ойындарының чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті 22.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-22T09:55+0500
2025-11-22T09:55+0500
2025-11-22T09:55+0500
алтын жүлде
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/58997756_0:29:1280:749_1920x0_80_0_0_8f311b9624ac99a2fb007d181c5c45eb.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. 67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тумасы. Жасы – 21-де. Ол 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия–Тынық мұхит ойындарының чемпионы атанған.Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті. Оның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар.Айта кетейік, биылғы Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Токио қаласында өтуде. Бұл – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ең беделді халықаралық жарыс. Байрақты бәсекеге 81 елден келген 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада жүлделерді сарапқа салуда. Қазақстан құрамасының намысын 78 спортшы 8 спорт түрінен қорғайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/16/58997756_68:0:1205:853_1920x0_80_0_0_db59c3280435ce0759876325896a8063.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын жүлде
Қазақстандық спортшы Сурдлимпия ойындарының чемпионы атанды
Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тумасы. Жасы – 21-де. Ол 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия–Тынық мұхит ойындарының чемпионы атанған.
Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 14-ке жетті. Оның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар.
Айта кетейік, биылғы Сурдлимпиада ойындары 15–26 қараша аралығында Токио қаласында өтуде. Бұл – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ең беделді халықаралық жарыс. Байрақты бәсекеге 81 елден келген 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада жүлделерді сарапқа салуда. Қазақстан құрамасының намысын 78 спортшы 8 спорт түрінен қорғайды.