https://sputnik.kz/20251122/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-22-qarasha-58992464.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 22 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 22 қараша
Sputnik Қазақстан
22 қарашада не болғанын білесіз бе? 22.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-22T00:01+0500
2025-11-22T00:01+0500
2025-11-22T10:11+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1206/09/12060986_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_806c8ba4566f8f2cc6b4bbc8f3248bb3.jpg
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.22 қарашада қандай мереке аталып өтедіБәріміздің жүрегімізден орын алған отбасылық мерекелердің күнтізбесі тағы бір күнмен толықты – Ұлдар күні. Аналар күні сияқты бүкіл дүние жүзіне танылмаса да, ұмытпай, жыл сайын тойлайтындар уақыт өте көбейіп келеді. Бұл – ресми болмаса да, керек мейрам, себебі отбасыны біріктіріп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді. Ұлдар күні – балаңызға (жасы нешеде болса да) қаншалықты жақсы көретініңізді айтуға таптырмас күн, азын-аулақ сый жасасаңыз тіпті керемет. Ұл баланың өмірге келуі барша салт-дәстүр, діни наным-сенімдер бойынша мақтан тұтарлық жайт, өйткені ер бала – мұрагер, ұрпақ жалғастырушы, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпты жалғастырып, ата-анасына қартайған шағында қамқор болады.Ресейде бүгін Психолог күнін атап өтеді. 2000 жылы осы бір жақсы дәстүр жолға қойылды. Ол кезде ММУ-нің озат студенттер қауымдастығы мен оқытушылар құрамы әлеуметтік өмірдің қай саласында болмасын психологияның маңызы зор екеніне қоғамның назарын аударған болатын. Осындай ерекше мейрамның негізін қалауды өзге ЖОО-лар да қолдау көрсетті. Ал 22 қараша күні тектен-тек таңдалмаған – дәл осы күні 1994 жылы Ресей психологиялық қауымдастықтың съезі өтті.Бүгін тағы бір керемет мереке – кофеханада отырып жылыну күні. Далада қаттың тоңып, денеңіз мұздап кетсе, жақсы бір кофеханаға кіріп, бір шыныаяқ кофе ішіп алыңыз. Сонда осы мерекені атап өтіп қана қоймай, жылынып та аласыз. Сөйтіп, екі оқпен бір қоянды атасыз. 22 қарашада әлемде қандай тарихи оқиғалар болды1717 жылы Астрахань губерниясы құрылды;1963 жылы Далласқа барған кезде АҚШ президенті Джон Кеннеди өлтірілді;1968 жылы The Beatles тобы аты аңызға айналған "The White Album" альбомын шығарды;1977 жылы Лондон мен Парижден Нью-Йоркке "Конкорд" дыбыстан ұшқыр жолаушылар ұшағының тұрақты рейсі аттандырыла бастады.22 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1997 жылы Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің бірінші съезі өтті;1998 жылы Алматыда Хамит Ерғалиев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;2004 жылы Қызылорда қаласының көшелерінің біріне танымал жазушы әрі журналист Орман Нұрқабаевтың есімі берілді;2007 жылы Мойынқұм шөлейтінің пайдалы қазбалар тізімі зергерлік алмаспен толықты.22 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар1801 жылы дәрігер, жазушы, этнограф, лексикограф, "Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің" авторы Владимир Даль дүниеге келді;1928 жылы кеңестік және ресейлік ақын, театр және кино актері Николай Добронравов дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982);1957 жылы кеңестік және ресейлік әнші, "Мануфактура", "Форум" және "Электроклуб" топтарының солисі Виктор Салтыков дүниеге келді;1961 жылы орыс жазушысы, "Омон Ра", "Чапаев и Пустота", "Empire V" романдарының авторы Виктор Пелевин дүниеге келді. Көптеген әдебиет сыйлықтарының лауреаты, олардың ішінде "Малый Буккер" (1993) және "Национальный бестселлер" (2004);1984 жылы америкалық актриса және әнші Скарлетт Йоханссон дүниеге келді. BAFTA сыйлығының лауреаты ("Аударма қиындықтары", "Маржан сырғалы қыз", "Люси", "Кек алушы", "Вики Кристина Барселона" фильмдері).22 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді1914 жылы театр және кино суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Құлахмет Қожықов дүниеге келді;1918 жылы ақын, жазушы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұлов дүниеге келді;1962 жылы мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас прокуроры Асхат Дауылбаев дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/09/12060986_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_bbffdb7f22f796c4e9338f755fefab97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 22 қараша
00:01 22.11.2025 (жаңартылды: 10:11 22.11.2025) 22 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
22 қарашада қандай мереке аталып өтеді
Бәріміздің жүрегімізден орын алған отбасылық мерекелердің күнтізбесі тағы бір күнмен толықты – Ұлдар күні. Аналар күні сияқты бүкіл дүние жүзіне танылмаса да, ұмытпай, жыл сайын тойлайтындар уақыт өте көбейіп келеді. Бұл – ресми болмаса да, керек мейрам, себебі отбасыны біріктіріп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етеді. Ұлдар күні – балаңызға (жасы нешеде болса да) қаншалықты жақсы көретініңізді айтуға таптырмас күн, азын-аулақ сый жасасаңыз тіпті керемет. Ұл баланың өмірге келуі барша салт-дәстүр, діни наным-сенімдер бойынша мақтан тұтарлық жайт, өйткені ер бала – мұрагер, ұрпақ жалғастырушы, ата-бабадан қалған әдет-ғұрыпты жалғастырып, ата-анасына қартайған шағында қамқор болады.
Ресейде бүгін Психолог күнін атап өтеді. 2000 жылы осы бір жақсы дәстүр жолға қойылды. Ол кезде ММУ-нің озат студенттер қауымдастығы мен оқытушылар құрамы әлеуметтік өмірдің қай саласында болмасын психологияның маңызы зор екеніне қоғамның назарын аударған болатын. Осындай ерекше мейрамның негізін қалауды өзге ЖОО-лар да қолдау көрсетті. Ал 22 қараша күні тектен-тек таңдалмаған – дәл осы күні 1994 жылы Ресей психологиялық қауымдастықтың съезі өтті.
Бүгін тағы бір керемет мереке – кофеханада отырып жылыну күні. Далада қаттың тоңып, денеңіз мұздап кетсе, жақсы бір кофеханаға кіріп, бір шыныаяқ кофе ішіп алыңыз. Сонда осы мерекені атап өтіп қана қоймай, жылынып та аласыз. Сөйтіп, екі оқпен бір қоянды атасыз.
22 қарашада әлемде қандай тарихи оқиғалар болды
1717 жылы Астрахань губерниясы құрылды;
1963 жылы Далласқа барған кезде АҚШ президенті Джон Кеннеди өлтірілді;
1968 жылы The Beatles тобы аты аңызға айналған "The White Album" альбомын шығарды;
1977 жылы Лондон мен Парижден Нью-Йоркке "Конкорд" дыбыстан ұшқыр жолаушылар ұшағының тұрақты рейсі аттандырыла бастады.
22 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1997 жылы Алматыда Қазақстан дәрігерлерінің бірінші съезі өтті;
1998 жылы Алматыда Хамит Ерғалиев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды;
2004 жылы Қызылорда қаласының көшелерінің біріне танымал жазушы әрі журналист Орман Нұрқабаевтың есімі берілді;
2007 жылы Мойынқұм шөлейтінің пайдалы қазбалар тізімі зергерлік алмаспен толықты.
22 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1801 жылы дәрігер, жазушы, этнограф, лексикограф, "Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің" авторы Владимир Даль дүниеге келді;
1928 жылы кеңестік және ресейлік ақын, театр және кино актері Николай Добронравов дүниеге келді. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982);
1957 жылы кеңестік және ресейлік әнші, "Мануфактура", "Форум" және "Электроклуб" топтарының солисі Виктор Салтыков дүниеге келді;
1961 жылы орыс жазушысы, "Омон Ра", "Чапаев и Пустота", "Empire V" романдарының авторы Виктор Пелевин дүниеге келді. Көптеген әдебиет сыйлықтарының лауреаты, олардың ішінде "Малый Буккер" (1993) және "Национальный бестселлер" (2004);
1984 жылы америкалық актриса және әнші Скарлетт Йоханссон дүниеге келді. BAFTA сыйлығының лауреаты ("Аударма қиындықтары", "Маржан сырғалы қыз", "Люси", "Кек алушы", "Вики Кристина Барселона" фильмдері).
22 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1914 жылы театр және кино суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Құлахмет Қожықов дүниеге келді;
1918 жылы ақын, жазушы, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұлов дүниеге келді;
1962 жылы мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас прокуроры Асхат Дауылбаев дүниеге келді.