Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті - қылмыстық іс қозғалды

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLСтроящийся ЖК в Астане, архивное фото
Строящийся ЖК в Астане, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қараша - Sputnik. Астанада үш құрылысшы бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Үш бірдей құрылысшы бесінші қабаттан құлап кеткен.
"Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Зардап шеккен үш құрылысшы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Құлаған құрылысшылардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Sputnik Қазақстан тілшісіне берген мәліметі бойынша, жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқас жалпы бөлімде ем алып жатыр.
Эскалатор - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Петропавлда жеткіншек эскалатордан құлап кетті
Жаңалықтар
0