https://sputnik.kz/20251121/zhas-ulan-mektebindegi-alimzhettik-bilim-basqarmasy-tusinikteme-berdi-58981486.html
"Жас Ұлан" мектебіндегі әлімжеттік: білім басқармасы түсініктеме берді
"Жас Ұлан" мектебіндегі әлімжеттік: білім басқармасы түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Мектеп түлегінің айтуынша достар бір-бірімен қалжыңдасқан 21.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-21T15:00+0500
2025-11-21T15:00+0500
2025-11-21T15:00+0500
әлімжеттік
семей
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АЛМАТЫ, 21 қараша – Sputnik. Семейдегі "Жас Ұлан" ерлер мектебінде әлімжеттіктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Абай облыстық білім басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.Ведомствоның мәліметінше, оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.Мектеп түлегі бұл "достар арасындағы әзіл" екенін, бір-бірімен қалжыңдасқанын атап өткен.Абай облысы білім басқармасы "Жас Ұлан" тәрбиеленушілері әрдайым лицей басшылығының назарында болатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20231121/ulymdy-zorlamaq-bolgan-taraz-turgyny-alimzhettik-korgen-balasyna-arasha-suraydy-40310673.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлімжеттік, семей
"Жас Ұлан" мектебіндегі әлімжеттік: білім басқармасы түсініктеме берді
Мектеп түлегінің айтуынша достар бір-бірімен қалжыңдасқан
АЛМАТЫ, 21 қараша – Sputnik. Семейдегі "Жас Ұлан" ерлер мектебінде әлімжеттіктің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Абай облыстық білім басқармасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.
"Әлеуметтік желіде тараған видеода "Жас ұлан" ерлер мектебін 2025 жылы бітірген 111-взвод ұланын оның сыныптасы мойнынан қолымен қапсыра ұстағаны көрініс тапқан. Оқушының айтуынша, видео 2023 жылы түсірілген", - дейді облыстық білм басқармасы.
Мектеп түлегі бұл "достар арасындағы әзіл" екенін, бір-бірімен қалжыңдасқанын атап өткен.
"Сол уақытта мектеп ұжымы жағдайды біліп, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Оқушылар бір сыныпта оқыған және 2025 жылдың мамыр айында лицейді аяқтаған. Қазіргі уақытта олардың біреуі Павлодар қаласында, ал екіншісі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқып жатыр", - дейді ведомство.
Абай облысы білім басқармасы "Жас Ұлан" тәрбиеленушілері әрдайым лицей басшылығының назарында болатынын атап өтті.