Түркістан облысында өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз Шымкентке жеткізілді

© Photo : Комитет по чрезвычайной ситуации министерства внутренних дел КазахстанаТүркістан облысында өрттен зардап шеккен 7 жасар бала Шымкентке жеткізілді
Түркістан облысында өрттен зардап шеккен 7 жасар бала Шымкентке жеткізілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Жазылу
Бұған дейін Шымкентке өрттен аман қалған ер адам мен келіншек жеткізілген болатын
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Түркістан облысында өрттен зардап шеккен үшінші адам санавиациямен Шымкентке жеткізілді.
Өрттен зардап шеккен баланы Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, тасымалдау қажет болды.
Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зардап шеккен қызды межелі жерге жеткізді.
7 жасар науқас Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына орналастырылды.
Ол арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.
Еске сала кетейік, 18 қарашада Түркістан облысында үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы - бала. Арасында 1 жасар сәби бар. 3 адам жансақтау бөліміне түскен.
Бұған дейін өрттен аман қалған ер адам мен келіншек Шымкентке жеткізілген болатын.
Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен тағы бір науқас Шымкентке жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Түркістан облысындағы өрт: тағы бір науқас Шымкентке жеткізілді
Жаңалықтар
0