Қазақстан АЭХА Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданды

© PhotoҚазақстан АЭХА Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданды
Қазақстан АЭХА Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылданды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Қиыр Шығыс өңірлік тобына Қазақстанды қабылдау бойынша агенттіктің Басқарушылар кеңесінің бүгінгі отырысында жарияланған шешімді құптады.
Қазақстанның өңірлік топқа кіруі – Агенттіктің Жарғысына және еліміздің бастамасымен қабылданған АЭХА Бас конференциясының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі GC(67)/RES/15 қарарына сәйкес мемлекеттердің АЭХА-дағы егемендік теңдігін қалпына келтіру мәселесіндегі маңызды қадам болмақ.

"Бұл Астананың бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге, ядролық қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға бейілділігін растайды. Мүше мемлекеттердің АЭХА-дағы егеменді теңдікті қалпына келтірудегі іс-жігерін жоғары бағалаймыз және Қиыр Шығыс тобына қатысушы мемлекеттеріне қолдау мен жоғары сенім үшін ризашылығымызды білдіреміз", - деп жазды сыртқы істер министрлігі.

Бұл шешім Қазақстанға АЭХА басқарушы органдарының жұмысына толыққанды қатысуға мүмкіндік береді. Мемлекетіміз жаппай қырып-жою қаруы тәуекелдерінен азат әлем құруға бағытталған халықаралық іс-әрекеттердің белсенді қатысушысы ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға, ядролық технологияларды жауапкершілікпен қолдануға және сенім мен транспаренттіктің халықаралық механизмдерін нығайтуға өзінің конструктивтік үлесін әрі қарай ұсынуға әзірлігін білдіреді.
 Казахстан добивается суверенного равенства стран в МАГАТЭ - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Жүзге жуық мемлекет Қазақстан қарарын қолдады
Жаңалықтар
0