https://sputnik.kz/20251121/biyl-sabili-bolgan-analarga-memleket-51-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-toledi---58989444.html
Биыл сәбилі болған аналарға мемлекет 51 млрд теңгеден астам қаражат төледі
Биыл сәбилі болған аналарға мемлекет 51 млрд теңгеден астам қаражат төледі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Биыл мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне... 21.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-21T19:52+0500
2025-11-21T19:52+0500
2025-11-21T19:52+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ана мен бала
жаңа туған сәби
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_4c4d4c91e1e378df1a5486adbc29e41f.jpg
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Биыл мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Бұл төлем 508 мың адамға бұйырды. Ал жыл басынан бері босанған 286 мың ана 51,7 млрд теңге алды. Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар қазақстандықтар, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері: Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
https://sputnik.kz/20251003/asyraushysynan-ayrylgandarga-tolenetin-aleumettik-tolem-molsheri-artady-57601799.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/977/96/9779670_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_eab6a8cbaa2c15b18b85d4efb12de2ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ана мен бала, жаңа туған сәби, әлеуметтік төлем
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ана мен бала, жаңа туған сәби, әлеуметтік төлем
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Биыл мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 692 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл төлем 508 мың адамға бұйырды. Ал жыл басынан бері босанған 286 мың ана 51,7 млрд теңге алды.
Бұл жәрдемақыны бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар қазақстандықтар, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
"Биыл сондай-ақ 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша 124,7 мың адам 36,4 млрд теңге алды. Бір ғана қазан айында 126,8 мың адам 3,7 млрд теңге төлемақы алды", - дейді ведомство.
Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 22 648 теңге;
екінші балаға – 26 777 теңге;
үшінші балаға – 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 34 995 теңге.