Ақмола облысында әйел 179 адамға 600 мыңнан 45 млн теңгеге дейін несие алғызып қайтармаған

© AFP 2024 / Sergei Supinskyалаяқ
алаяқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2025
Жазылу
Алаяқ жәбірленушілерге қаражатты пайызбен қайтаруға уәде берген
АЛМАТЫ, 21 қараша - Sputnik. Ақмола облысы Ақкөл ауданында адамдарды алдап, қаражатын иемденген әйел сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған ол 179 адамды сан соқтырып кеткен.
Алаяқ елдің сеніміне кіріп, пайызбен қайтарам деп қарызға ақша алған.

"Өз қажеттілігі үшін олардың атына тауарларға бөліп төлеу рәсімдеп, несие, қарыз алған. Жәбірленушілерге пайыз төлеп, ай сайынғы төлемдерді өзі өтеп отыруға уәде берген. Алайда ақшаны иемденгеннен кейін, сотталушы төлем жасамай, байланысқа шықпай қойған", - дейді сот.

Әйел бұл қылмысты күйеуімен бірге жасаған. Алынған ақша күйеуінің шотына түсіп отырған. Жәбірленушілерге несие рәсімдету үшін банкке күйеуі тасыған.
"Сотталушы әр жәбірленушіге 600 мыңнан 45 млн теңгеге дейін материалдық зиян келтірген. Жалпы 179 адамның ақшасын иемденген. Бұдан бөлек кәсіпкерден 4,7 млн теңгеге автошина алып, ізін жасырған", - дейді ведомство.
Тағы бір жәбірленушінің 73,5 млн теңгесін сотталушы жоқ бизнесіне салдырған. Тұрғылықты жері алаяқ әйелдің жақсы жағын айтып мінездеме берген.
Сот үкімімен сотталушы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласы болғандықтан сотталушы жазасын бір жылдан кейін өтейді.
Сотталушының күйеуіне қатысты да қылмыстық іс қозғалған.
Беременность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Шымкентте алаяқ жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызу" арқылы байып алған
Жаңалықтар
0