https://sputnik.kz/20251120/qazaqstanda-oqushy-qyzdar-ushin-ginekologiyalyq-tekseru-engizilui-mumkin--58935198.html
Мектептерде оқушы қыздар үшін гинекологиялық тексеру енгізілуі мүмкін
Мектептерде оқушы қыздар үшін гинекологиялық тексеру енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрі бұл аса сақтықпен қарауды қажет ететін мәселе екенін айтты 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T16:09+0500
2025-11-20T16:09+0500
2025-11-20T16:11+0500
тексеру
дәрігер
оқушы
https://sputnik.kz/img/1274/87/12748738_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_ecc7a87abfb4fba9cc0078f34aae6691.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектептерде оқушы қыздар үшін гинекологиялық тексеруді енгізу бастамасы талқыланып жатқанын айтты.Ведомство басшысының пікірінше, балалар бұл мәселеде ненің не екенін, қандай әрекет жасау керегін жете түсінбейді."Сол себепті бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Оның этикалық, физикалық және медициналық тұстары бар. Бұл аса сақтықпен қарауды қажет ететін мәселе. Ана ретінде мен мұны жақсы түсінемін. Бірақ қоғамда болып жатқан жағдайларды ескермеуге болмай тұр. Күні кеше Қызылордада 5 жастағы қыз балаға қатысты тіркелген фактінің өзі жантүршіктірерлік", - деді Әлназарова.Ол Қызылордадағы баланың жағдайы туралы күн сайын ақпарат алып отырғанын айтты. Баланың өміріне қазір қауіп төніп тұрмағанмен, психологиялық салдары өте ауыр болады, деді министр.
https://sputnik.kz/20250814/pavlodar-oblysynda-qyzyn-zorlagan-ake-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-56360320.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/87/12748738_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_c785918dbf1f7ff5f553a006ec28e392.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеру, дәрігер, оқушы
Мектептерде оқушы қыздар үшін гинекологиялық тексеру енгізілуі мүмкін
16:09 20.11.2025 (жаңартылды: 16:11 20.11.2025) Денсаулық сақтау министрі бұл аса сақтықпен қарауды қажет ететін мәселе екенін айтты
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектептерде оқушы қыздар үшін гинекологиялық тексеруді енгізу бастамасы талқыланып жатқанын айтты.
"Бұл мәселе әлі де талқыланып жатыр. Тексеру алгоритмі де пысықталып жатыр. Өздеріңіз көріп отырғандай, жасөспірімдер арасында жүктілік тіркеліп жатыр. Олар қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан жағдайлар. Балаларды зорлаған адамдардың 80 проценті ағайын-туыс немесе көршісі, яғни, отбасына таныс адамдар", - деді министр.
Ведомство басшысының пікірінше, балалар бұл мәселеде ненің не екенін, қандай әрекет жасау керегін жете түсінбейді.
"Сол себепті бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Оның этикалық, физикалық және медициналық тұстары бар. Бұл аса сақтықпен қарауды қажет ететін мәселе. Ана ретінде мен мұны жақсы түсінемін. Бірақ қоғамда болып жатқан жағдайларды ескермеуге болмай тұр. Күні кеше Қызылордада 5 жастағы қыз балаға қатысты тіркелген фактінің өзі жантүршіктірерлік", - деді Әлназарова.
Ол Қызылордадағы баланың жағдайы туралы күн сайын ақпарат алып отырғанын айтты. Баланың өміріне қазір қауіп төніп тұрмағанмен, психологиялық салдары өте ауыр болады, деді министр.