Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайды - еңбек инспекциясы

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚұрылысшы
Құрылысшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Астана қаласында жарақаттану деңгейі 50%-ға азайды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны азайды, деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында белгілі болғандай, биыл комитет жазатайым оқиғаларға қатысты 910 арнайы тергеу жүргізген.
"Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елдегі кәсіпорындарда 1 029 жұмысшы зардап шекті. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Оның ішінде, 145 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен", - деді спикер.
Оның айтуынша, кейбір өңірде жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталса, басқаларында, керісінше, төмендеп келеді. Атап айтқанда, Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Астана қаласында жарақаттану деңгейі 50%-ға азайды.
Жұмысшыларды қорғау үшін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу практикасы қолданылады. Бүгінгі таңда 175 мың белсенді заңды тұлғаның 113 мыңы осындай шарттар жасасты.
Украшение елки в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Семейде мұғалім жарақат алды: еңбек инспекциясы жұмыс берушінің кінәсін дәлелдеді
Жаңалықтар
0