https://sputnik.kz/20251120/euroodaqtyn-ukrainaga-qatysty-zhospary-reseydi-alsiretudi-kozdeydi---eurodiplomatiya-basshysy-58946954.html
Еуроодақтың Украинаға қатысты жоспары Ресейді әлсіретуді көздейді - Еуродипломатия басшысы
Еуроодақтың Украинаға қатысты жоспары Ресейді әлсіретуді көздейді - Еуродипломатия басшысы
Sputnik Қазақстан
ЕО қазірдің өзінде 550-ден астам кемеге санкциялар енгізді және бұл кемелер тіркелген мемлекеттермен кең ауқымды дипломатиялық келіссөздер жүргізілді 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T21:43+0500
2025-11-20T21:43+0500
2025-11-20T21:43+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Еуродипломатия басшысы Кая Каллас Еуроодақтың Украинаға қатысты жоспары екі тармақтан тұратынын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Каллас Ресейге қарсы санкциялар тиімді деп санайды, себебі олар Ресейдің көмірсутектерді сатудан түсетін кірісін азайтады."ЕО қазірдің өзінде 550-ден астам кемеге санкциялар енгізді және бұл кемелер тіркелген мемлекеттермен кең ауқымды дипломатиялық келіссөздер жүргізілді. Біз қазір осы елдермен келісімшарт бойынша алдын ала келісімдер жасасуға тырысып жатырмыз. Бұл бір тарапқа екінші елдің кемесін тексеруге мүмкіндік беретін құқықтық механизм және ол "көлеңкелі флоттың" жұмысын баяулатады және Ресейдің кірісін азайтады", - деді Каллас.Еуродипломатия басшысы сондықтан "көлеңкелі флотқа", яғни кемелерге және олардың қызметін қамтамсыз етіп отырғандарға қарсы санкцияларды кеңейту бойынша жұмыс жалғасатынын айтты.
https://sputnik.kz/20251102/euroodaq-ukrainaga-6-ayga-nesie-berui-mumkin---baq-58397308.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақтың Украинаға қатысты жоспары Ресейді әлсіретуді көздейді - Еуродипломатия басшысы
ЕО қазірдің өзінде 550-ден астам кемеге санкциялар енгізді және бұл кемелер тіркелген мемлекеттермен кең ауқымды дипломатиялық келіссөздер жүргізілді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Еуродипломатия басшысы Кая Каллас Еуроодақтың Украинаға қатысты жоспары екі тармақтан тұратынын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Құрбанға емес, агрессорға қатысты қысым қолданылуы керек. Агрессияны ынталандыру оның күшеюіне әкеледі. Еуроодақтың өте айқын екі тармақтан тұратын жоспары бар: біріншісі - Ресейді әлсірету, екіншісі - Украинаны қолдау", - деді ол.
Каллас Ресейге қарсы санкциялар тиімді деп санайды, себебі олар Ресейдің көмірсутектерді сатудан түсетін кірісін азайтады.
"ЕО қазірдің өзінде 550-ден астам кемеге санкциялар енгізді және бұл кемелер тіркелген мемлекеттермен кең ауқымды дипломатиялық келіссөздер жүргізілді. Біз қазір осы елдермен келісімшарт бойынша алдын ала келісімдер жасасуға тырысып жатырмыз. Бұл бір тарапқа екінші елдің кемесін тексеруге мүмкіндік беретін құқықтық механизм және ол "көлеңкелі флоттың" жұмысын баяулатады және Ресейдің кірісін азайтады", - деді Каллас.
Еуродипломатия басшысы сондықтан "көлеңкелі флотқа", яғни кемелерге және олардың қызметін қамтамсыз етіп отырғандарға қарсы санкцияларды кеңейту бойынша жұмыс жалғасатынын айтты.