ЕЭК кеңесі Қазақстан, Ресей және Беларусь жүзеге асырып жатқан жобаны мақұлдады

© Photo : Пресс-служба ЕЭК Бахытжан Сагинтаев - председатель Коллегии ЕЭК
 Бахытжан Сагинтаев - председатель Коллегии ЕЭК  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында экономиканың тұтас бірқатар мәселесі қаралды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.
Іс-шарада Кеңес Беларусь пен Қазақстан кәсіпорындарының қатысуымен Курган жол машиналары зауыты жүзеге асырып жатқан жаңа кооперациялық жобаны мақұлдады. Олар дайын өнім өндіруге арналған жасақтаушыларды жеткізеді, ал ресейлік "Сбербанк жобаға өтінім беруші ретінде қатысып отыр.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК кеңесінің отырысы
Заседание Совета ЕЭК  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
ЕЭК кеңесінің отырысы
"Жоба аясында қосылған құн тізбегі қалыптасады, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындарында ұзақ мерзімді әрі тұрақты экономикалық байланыстар орнайды және жаңа жұмыс орындары құрылады", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК кеңесінің отырысы
Заседание Совета ЕЭК  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
ЕЭК кеңесінің отырысы
Жобаны іске асыру Курган зауытының жаңа өндірістік алаңында бірлесіп шығарылатын кешенді жол машиналары мен қоқыс таситын көліктер өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай жылына кемінде 530 бірлік өнім шығаратын сериялық өндірісті жолға қою жоспарланған.
"ЕАЭО елдерінің өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету механизмі бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды көздейді. Бұл қаражат ЕАЭО бюджетінен бөлінеді", – деп хабарлады ЕЭК.
Механизмге қатысу кәсіпорынға кредит беру мөлшерлемесін 23%-дан 6,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ЕЭК министрі.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКҚазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
Вице-премьер Казахстана Серик Жумангарин на заседании Совета ЕЭК  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
Бұдан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2026–2027 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсыну үшін мақұлданды.
Сондай-ақ тараптар 2024–2025 жылдардағы экономикалық көрсеткіштердің өсімін атап өтті. Одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауда көлемі 8,1%-ға өсті. Ал одақтағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,5%-ға артты.
Сонымен бірге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,5%-ға өсті. Кеңес мүшелері жалпы кедендік реттеу, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ энергетика мәселелеріне де ерекше назар аударды.
Жаңалықтар
0