Беларусьте Қазақстанның сауда үйі ашылады

Беларусьте Қазақстанның сауда үйі ашылады
Беларусьте Қазақстанның сауда үйі ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Барлық жұмыс кезеңін ведомство жанындағы QazTrade үйлестіреді
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Минскіде Қазақстанның сауда үйі ашылады, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Бұл сауда үйі Беларусь нарығында қазақстандық тауарлардың тұрақты өкілдігіне айналады. Жоба кезең бойынша жүзеге асырылып, екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Барлық жұмыс кезеңін ведомство жанындағы QazTrade үйлестіреді.
Алғашқы кезеңде қазақстандық өнімдердің тізімі анықталып, оларды Беларусь елінің бөлшек сауда желілеріне шығару арналары айқындалды. Келесі кезеңдерде өнім ассортиментін кеңейту, серіктестік бағдарламаларды дамыту және офлайн сауда алаңын ашуға дайындық жүргізу жоспарланып отыр.

"Біз өзара сауда көлемін арттырудың нақты әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан компаниялары жаңа нарықтарды игеруге дайын. Ұсынылып отырған механизм бұл жұмысты тиімді жүргізуге жол ашады", – деді ведомство басшысы Арман Шаққалиев.

Министрлік мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 739,5 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті. Қазақстанның Беларусьқа экспорты 183,2 миллион долларды құрап, 55,2 пайызға артты. Беларусьтан Қазақстанға импорт көлемі 556,3 миллион долларды құрап, 11,6 пайызға көбейді.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы: 23 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Жаңалықтар
0