Астананың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка в маске на улице Нур-Султана
Девушка в маске на улице Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Астанада бір аптада ЖРВИ жұқтырған 23 мыңнан науқас тіркеуге алынды
АСТАНА, 20 қараша - Sputnik. Астана әкімдігі елорданың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева қол қойған қаулыны жариялады.
Құжатқа сәйкес, Астана қаласында ЖРВИ-мен сырқаттану көрсеткіші артқан. Бір аптада қалада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Науқастардың саны бір апта бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе артқан. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60% құрады (14 018 жағдай).
Осыған байланысты елорданың бас санитарлық дәрігері Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына:
үйге шақыртуға жағдай жасау (қосымша автокөлік құралдары, жанар-жағармай материалдары, тіркеу бөлімінің кезекшілік режимін ұйымдастыру);
медициналық персонал мен пациенттердің маска режимін сақтауын қадағалау;
пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдауға арналған қосымша кабинеттерді бөлу;
МСАК сүзгі-кабинеттердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) белгілері болған жағдайда үйге шақыртуын бірінші кезекте орындау;
медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын 08:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін ұзарту;
амбулаториялық науқастарды ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмония) емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар қорын жасау;
ЖРВИ белгілері бар пациенттерге онлайн консультация жүргізуді тапсырды.
Астана қаласының Білім басқармасы басшысына:
2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңге сыныптағы оқушылар санының 30% және одан да көбі ЖРВИ-мен сырқаттану тіркелген жағдайда оларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру;
бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 20–30%-ында ЖРВИ жағдайлары тіркелген кезде жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі жойылады;
әр ауысым алдында "таңғы сүзгіні" жүргізу, жедел респираторлық ауру белгілері бар мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды, сондай-ақ педагогтарды сабаққа жібермеу;
балалар, жасөспірімдер және қызметкерлердің күнделікті қатысу мониторингін жүргізу, болмау себептерін анықтау;
"таңғы сүзгі" кезінде анықталған ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) сабақтан (жұмыстан) уақытылы шеттету;
ауырып қалған балаларды ата-аналары келгенге дейін күн бойы оқшаулағышқа орналастыру, тиісті күтімін қамтамасыз ету;
шұғыл жағдайларда балаларды медициналық ұйымдарға жедел түрде госпитализациялау;
медициналық пункт пен оқшаулағыштарды қажетті медициналық жабдықтармен және дәрілік заттармен жарақтандыру;
бөлмелерде +18°С-тен +22°С-қа дейінгі температуралық режимді сақтау;
дәретханаларды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын орамалдармен (салфеткалармен) қамтамасыз ету;
бұқаралық (мәдени, мерекелік және спорттық) іс-шараларды өткізуді тоқтату тапсырылды.
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Жаңалықтар
0