Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Оны әуежайда Қазақстанның үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді.
Оны әуежайда Қазақстанның үкімет басшысы Олжас Бектенов қарсы алды.
"Бағдарлама аясында 21 қараша күні екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Сапар бағдарламасы Никол Пашинян мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келіссөздерін қамтиды.
Бағдарламада сондай-ақ Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен және парламент төрағасы Ерлан Қошановпен кездесулер, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына және Қазақстан Ұлттық мұражайына бару қарастырылған.
Конго Демократиялық Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Конго Демократиялық Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Жаңалықтар
0