https://sputnik.kz/20251119/syrtqy-ister-ministrligi-bbu-qararyna-qatysty-malimdeme-zhasady-58881467.html
Сыртқы істер министрлігі ББҰ қарарына қатысты мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі ББҰ қарарына қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T08:25+0500
2025-11-19T08:25+0500
2025-11-19T08:25+0500
қазақстан
мәлімдеме
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39111860_0:11:1280:731_1920x0_80_0_0_3727eba96e9acde6b8684b6106ebc0ff.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Америка Құрама Штаттары мен Президент Дональд Трамптың, сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуіне маңызды үлес қосқан басқа елдердің күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.Ведомствоның мәліметінше Қазақстан БҰҰ Жарғысына, Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және тәуелсіз, өміршең және аумақтық тұрғыдан біртұтас Палестина Мемлекетін құруды көздейтін "екі халық үшін екі мемлекет" формуласына негізделген Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды.Қазақстан Ибраһим келісімдері аясында барлық серіктестермен, соның ішінде процестегі негізгі дәнекерлермен сындарлы түрде өзара әрекеттесуге және жағдайды тұрақтандыруға, халыққа гуманитарлық колдауды арттыруға және ұзақ мерзімді саяси процеске жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға дайын.
https://sputnik.kz/20251013/toqaev-donald-trampty-gaza-sektorynda-beybitshilikke-qol-zhetkizuimen-quttyqtady-57862585.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39111860_146:0:1134:741_1920x0_80_0_0_bf5f73efb45ad14460091c2f2cebc3ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, мәлімдеме, сыртқы істер министрлігі
қазақстан, мәлімдеме, сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі ББҰ қарарына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Америка Құрама Штаттары мен Президент Дональд Трамптың, сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуіне маңызды үлес қосқан басқа елдердің күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Қарардың қабылдануы – Газа секторындағы жағдайды шешуге, тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіруге және Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам", - деп жазылған мәлімдемеде.
Ведомствоның мәліметінше Қазақстан БҰҰ Жарғысына, Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және тәуелсіз, өміршең және аумақтық тұрғыдан біртұтас Палестина Мемлекетін құруды көздейтін "екі халық үшін екі мемлекет" формуласына негізделген Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды.
Қазақстан Ибраһим келісімдері аясында барлық серіктестермен, соның ішінде процестегі негізгі дәнекерлермен сындарлы түрде өзара әрекеттесуге және жағдайды тұрақтандыруға, халыққа гуманитарлық колдауды арттыруға және ұзақ мерзімді саяси процеске жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға дайын.