Қостанай облысында кәсіпкер алаяқтарға 24 млн теңге аударған

© SputnikАрхивное фото телефонного разговора
Архивное фото телефонного разговора - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта полиция төрт дропперді анықтады
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Қостанай облысының Тобыл қаласында кәсіпкерді алаяқтар 24 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Тобылдық кәсіпкерге алаяқтар "салық қызметкерлері" ретінде хабарласып, қате тапсырылған есеп туралы ескерткен. "Қатені түзету" үшін enbek.kz. порталынан келген SMS-кодты айтуды сұраған.
"Осыдан кейін бірден екінші қоңырау келді. Бұл жолы – "полициядан". Қоңырау шалушылар сенімді түрде бұрын айтылған кодты алаяқтар ұстап алғанын, енді тергеуге көмектесу үшін несиелерді рәсімдеп, "қауіпсіз" шотқа ақша аудару қажет екенін айтқан", - дейді ведомство.
Бейтаныс адамдардың нұсқауымен ер адам несие рәсімдеп, көрсетілген шоттарға 24 миллион теңге аударған.
Қазіргі уақытта полиция төрт дропперді анықтады. Ұйымдастырушыларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Интернет-алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Беременность, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Шымкентте алаяқ жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызу" арқылы байып алған
Жаңалықтар
0