https://sputnik.kz/20251119/qaragandyda-balasynyn-qolyn-baylap-uyde-zhalgyz-qaldyrgan-ayel-ana-quqynan-ayyryldy-58910486.html
Қарағандыда баласының қолын байлап, үйде жалғыз қалдырған әйел ана құқынан айырылды
Қарағандыда баласының қолын байлап, үйде жалғыз қалдырған әйел ана құқынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер есіктің кілт салатын тесігінен сығалап қараған 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T18:17+0500
2025-11-19T18:17+0500
2025-11-19T18:18+0500
қарағанды
бала
қатыгездік
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_f0faccc0e245ea14e14a1373b28a9bf4.jpg
АСТАНА, 19 қараша - Sputnik. Қарағандыда әйел адам төрт жасар баласының қолын жіппен байлап, үйде жалғыз тастап кеткен, деп хабарлайды облыстық сот.Әйел күйеуімен ажырасып кеткен. Алайда ер адам баласының өміріне алаңдап, шағым түсіре берген. Күйеуінің айтуынша, баланың денесінен көгерген жерлерді байқаған.Анасы баланың қолын байлап, үйінде жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған."Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер есіктің кілт салатын тесігінен сығалап қараған. Сол кезде үй ішінде қолы байлаулы баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған", - дейді сот.Сот үкімімен әйел Қылмыстық Кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен "Ата-аналық міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.Сот анасымен бірге тұрғанда ауыр халде болғанын анықтаған. Сот үкімімен балаға бұдан былай әкесі қамқорлық жасайды. Ал анасы алимент төлейтін болды. Әкесі бұған дейін алимент төлеу міндетінен босатылды.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:0:1160:870_1920x0_80_0_0_84d7f4fbf6679d0ff2e63dd1ec61639c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, бала, қатыгездік
қарағанды, бала, қатыгездік
Қарағандыда баласының қолын байлап, үйде жалғыз қалдырған әйел ана құқынан айырылды
18:17 19.11.2025 (жаңартылды: 18:18 19.11.2025) Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер есіктің кілт салатын тесігінен сығалап қараған
АСТАНА, 19 қараша - Sputnik. Қарағандыда әйел адам төрт жасар баласының қолын жіппен байлап, үйде жалғыз тастап кеткен, деп хабарлайды облыстық сот.
Әйел күйеуімен ажырасып кеткен. Алайда ер адам баласының өміріне алаңдап, шағым түсіре берген. Күйеуінің айтуынша, баланың денесінен көгерген жерлерді байқаған.
"Сарапшының қорытындысына сәйкес, дене жарақаттары жеңіл дәрежедегі жарақаттар санатына жатқызылған. Сонымен қатар балада психомоторлық дамудың кешігуі, сөйлеу дамуының нашарлығы, жіті респираторлық вирустық инфекция, дене салмағының аздығы және тәрбиеге немқұрайлылық белгілері диагнозы қойылған", - дейді ведомстводағылар.
Анасы баланың қолын байлап, үйінде жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған.
"Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер есіктің кілт салатын тесігінен сығалап қараған. Сол кезде үй ішінде қолы байлаулы баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған", - дейді сот.
Сот үкімімен әйел Қылмыстық Кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен "Ата-аналық міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.
Сот анасымен бірге тұрғанда ауыр халде болғанын анықтаған. Сот үкімімен балаға бұдан былай әкесі қамқорлық жасайды. Ал анасы алимент төлейтін болды. Әкесі бұған дейін алимент төлеу міндетінен босатылды.