Премьер бензинге қатысты тапсырма берді

© PhotoЛУКОЙЛ развивает сеть АЗС в странах Центральной Азии
ЛУКОЙЛ развивает сеть АЗС в странах Центральной Азии 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
Мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу керек
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ағынын қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге мораторий енгізілген болатын.
"Қазір көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан энергетика, сауда, қаржы, ішкі істер министрліктері мен қаржылық мониторинг агенттігі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылау жасауы қажет", — деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін министрлер кабинеті халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдау үшін жиналды.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Үкімет ең төменгі жалақыны қашан көтеретіні белгілі болды
Жаңалықтар
0