https://sputnik.kz/20251119/dekretke-millionmen-aqtobede-bukhgalter-bes-zharym-zhylga-sottaldy-58871646.html
"Декретке миллионмен": Ақтөбеде бухгалтер бес жарым жылға сотталды
"Декретке миллионмен": Ақтөбеде бухгалтер бес жарым жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол жүкті әйелдерді декреттік демалысқа шығар алдында бірнеше жеке кәсіпкерлікке тіркеген 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T08:00+0500
2025-11-19T08:00+0500
2025-11-19T08:00+0500
жәрдемақы
декреттік демалыс
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жүкті әйелдерге заңсыз төлем төлеген бухгалтерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.Оған аса iрi мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылды.Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сот үкімімен ол 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналыспайды.Жазаны орындау балалары 14 жасқа толғанға дейін 5 жылға кейінге шегерілді.
https://sputnik.kz/20231229/bala-zhardemaqy-2024-41031409.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, декреттік демалыс
жәрдемақы, декреттік демалыс
"Декретке миллионмен": Ақтөбеде бухгалтер бес жарым жылға сотталды
Ол жүкті әйелдерді декреттік демалысқа шығар алдында бірнеше жеке кәсіпкерлікке тіркеген
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жүкті әйелдерге заңсыз төлем төлеген бухгалтерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.
Оған аса iрi мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылды.
"2023-2024 жылдар аралығында сотталушы бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу саласында білімі мен тәжірибесі бола отырып, әлеуметтік желілер арқылы "Декретке миллионмен" курсын оқыған. Сөйтіп жүкті әйелдерді декреттік демалысқа шығар алдында бірнеше жеке кәсіпкерлікке тіркеген. "Жалған еңбек қызметі" кезеңінде міндетті әлеуметтік, зейнетақы аударымдарын және медициналық сақтандыру жарналарын жүзеге асырған. Бұл арқылы мемлекетке 180 413 146 теңге залал келтірген", - дейді ведомство.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Сот үкімімен ол 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналыспайды.
Жазаны орындау балалары 14 жасқа толғанға дейін 5 жылға кейінге шегерілді.