https://sputnik.kz/20251119/biyl-auyl-sharuashylygy-salasynda-25-mynnan-astam-tekhnika-satyp-alyndy-58903211.html
Биыл ауыл шаруашылығы саласында 25 мыңнан астам техника сатып алынды
Биыл ауыл шаруашылығы саласында 25 мыңнан астам техника сатып алынды
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T15:31+0500
2025-11-19T15:31+0500
2025-11-19T15:32+0500
президент
министрлік
техника
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/13/58902877_0:0:1202:676_1920x0_80_0_0_280f859f5101a5b9e8c9d863b9cfaf1f.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды.Айдарбек Сапаров есепті кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты.Сонымен қатар Сапаров агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын жеткізді. Оның 250 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беруге бағытталған.Биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді.Министрдің айтуынша, мал шаруашылығын цифрландыру аясында "е-АӨК" бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл платформа субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады.Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды.Сондай-ақ саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
https://sputnik.kz/20250907/qazaqstanda-ulttyq-park-pen-qoryqqa-ortke-qarsy-otandyq-tekhnika-tabystaldy-56881802.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/13/58902877_0:0:902:676_1920x0_80_0_0_20cfdfe32c0de94699ffe9de916d2fb9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, министрлік, техника
президент, министрлік, техника
Биыл ауыл шаруашылығы саласында 25 мыңнан астам техника сатып алынды
15:31 19.11.2025 (жаңартылды: 15:32 19.11.2025) Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына аграрлық саланың биылғы он ай ішіндегі даму қорытындысы туралы баяндалды.
Айдарбек Сапаров есепті кезеңде негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты.
"Өнім өндіруде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ауыл шаруашылығы 8,1 триллион теңгеге жетіп 5,4 пайызға артса, азық-түлік 9 пайызға ұлғайып 3,1 триллион теңге болды. Ал агросектор тауарларының экспорты 4,7 миллиард долларға дейін өсті", - деді министр.
Сонымен қатар Сапаров агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын жеткізді. Оның 250 миллиард теңгесі ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген лизинг беруге бағытталған.
Биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Нәтижесінде машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді.
Министрдің айтуынша, мал шаруашылығын цифрландыру аясында "е-АӨК" бірыңғай цифрлық экожүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл платформа субсидиялау, жер қорын басқару, егін, мал және балық шаруашылықтары бойынша көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ортақ цифрлық арнаға тоғыстырады.
Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту бойынша берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды.
Сондай-ақ саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.