https://sputnik.kz/20251119/azirge-qylmys-quramy-zhoq-bozymbaev-zhetisaydagy-ortke-qatysty-aqparat-berdi-58884862.html
"Әзірге қылмыс құрамы жоқ": Бозымбаев өртке қатысты жедел шаралар туралы баяндады
"Әзірге қылмыс құрамы жоқ": Бозымбаев өртке қатысты жедел шаралар туралы баяндады
Sputnik Қазақстан
Өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі 19.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-19T09:12+0500
2025-11-19T09:12+0500
2025-11-19T09:15+0500
түркістан облысы
өрт
өрт сөндірушілер
қанат бозымбаев
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54227420_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d19795b37d698f49c45ec4fd3e6da282.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкімет отырысында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өртке байланысты қабылданып жатқан жедел шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Әзірге қылмыс құрамы жоқ. "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі).Еске сала кетейік, кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөнірілді.Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
https://sputnik.kz/20251118/turkistan-oblysyndagy-qaygyly-oqiga-bir-otbasynan-ush-adam-tiri-qaldy-58876760.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/03/54227420_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7a67c1bb300791ea6131c79268b441fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, өрт, өрт сөндірушілер, қанат бозымбаев
түркістан облысы, өрт, өрт сөндірушілер, қанат бозымбаев
"Әзірге қылмыс құрамы жоқ": Бозымбаев өртке қатысты жедел шаралар туралы баяндады
09:12 19.11.2025 (жаңартылды: 09:15 19.11.2025) Өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкімет отырысында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өртке байланысты қабылданып жатқан жедел шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Әзірге қылмыс құрамы жоқ. "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі).
"Сіздің тапсырмаңыз бойынша кеше мен Үкіметтік комиссияның отырысын өткіздім, жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің туындау себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірқатар тапсырма бердім", - деп баяндады Қанат Бозымбаев.
Еске сала кетейік, кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөнірілді.
Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.