https://sputnik.kz/20251118/turkistan-oblysyndagy-ortten-keyin-aurukhanaga-zhetkizilgenderdin-zhagdayy-belgili-boldy-58863088.html
Өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды
Өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Барлығы жан сақтау бөлімінде жатыр 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T10:10+0500
2025-11-18T10:10+0500
2025-11-18T11:18+0500
түркістан облысы
өрт
өрт сөндірушілер
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f2d4fd21cee03c37bcfd3e863164b4f0.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады.Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.Еске сала кетейік, жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.Көршілерінің айтуынша, үйде қонақтар болған. 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
https://sputnik.kz/20251118/zhetisaydagy-tragediya-politsiya-qylmystyq-is-qozgady-58862793.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/79/12747983_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_212bc6f3dcbf113efde67192251c075c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, өрт, өрт сөндірушілер
түркістан облысы, өрт, өрт сөндірушілер
Өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды
10:10 18.11.2025 (жаңартылды: 11:18 18.11.2025) Барлығы жан сақтау бөлімінде жатыр
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады.
"Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты", - деп жазылған хабарламада.
Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп жатыр, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.
"Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді", - дейді мамандар.
Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.
Еске сала кетейік, жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Көршілерінің айтуынша, үйде қонақтар болған. 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.