Ақмола облысында шизофрениямен ауыратын адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Жазылу
Заң бойынша психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалмауы керек
АЛМАТЫ, 18 қараша – Sutnik. Ақмола облысында бұрын сотталған және психикалық ауытқуы бар адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Адам өлтірген және өзге де қылмыстар үшін сотталған адамдар қамқоршы болып жұмыс істеген. Заң бойынша психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар қамқоршы және қорғаншы болып тағайындалмауы керек.
"Әрекетке қабілетсіз екі тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болған. Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде "шизофрения" диагнозы қойылған азамат тағайындалған", - дейді ведомство.
Сондай-ақ уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылдамаған.
"Облыста қайтыс болған 28 адам әлі де "әрекетке қабілетсіз" санатындағы есепте тұрған", - дейді прокуратура.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Дерекқор
Баланы қалай асырап алуға болады және ол үшін мемлекеттен қанша жәрдемақы төленеді
Жаңалықтар
0