https://sputnik.kz/20251118/andrey-stenin-atyndagy-xi-khalyqaralyq-fotozhurnalistika-bayqauynyn-zhenimpazdary-anyqtaldy-58868594.html
Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздары анықталды
Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздары анықталды
Sputnik Қазақстан
Марапаттау рәсімі 18 қарашада Мәскеуде Қызыл алаңдағы Мемлекеттік тарихи музейде өтті 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T21:25+0500
2025-11-18T21:25+0500
2025-11-18T21:25+0500
фотограф
байқау
халықаралық байқау
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58878383_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_0b765185e1005f2bac652145f54d5d80.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Мәскеулік фотосуретші Екатерина Якель Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.Халықаралық қазылар алқасы оған жарақат алғанына қарамастан бейбіт өмірде батылдық пен күш-қуаттың үлгісін көрсетіп келе жатқан әскери іс-қимылдар ардагерлері туралы "Орыс мінезі: кедергілер арқылы жүгіру" атты фотосуреттер сериясы үшін байқаудың бас жүлдесін бірауыздан берді.Фотосуреттер сериясы "Портрет. Біздің заманымыздың батыры" номинациясында ұсынылды.Гран-примен қатар, 2025 жылғы барлық жеңімпаз жарияланды.Жалғыз суреттер арасында "Негізгі жаңалықтар" номинациясында Индонезия фотографы Реза Сайфулланың "Рохинджаның аударылған қайығы" атты жұмысы үздік деп танылды, онда Индонезияның Батыс Ачех жағалауында аударылған қайықта құтқарушыларды күтіп тұрған рохинджа босқындары бейнеленген."Ең үздік жаңалықтар" номинациясында бірінші орын палестиналық Абдельрахман Әлкалутқа (Abdelrahman Alkahlout) Палестинадағы қорқынышты трагедияны баяндайтын "Газа: геноцид жаңғырығы" сериясы үшін берілді.Спорт номинациясында "Жеке фотосурет" санатындағы бірінші орын "Соңғы жүгіру: чемпионның құлауы" деп аталатын Бангладеш фотографы С. М. Әл Музтаба Росулдың (S.M. Al Muztaba Rosul) жұмысына берілді.Қатысушылар арасында ең танымал "Менің ғаламшарым" номинациясында қытай фотографы Мэндань Чжудың (Mengdan Zhu) "Тент астындағы жеміс ағаштары" атты фотосуреті үздік деп танылды. Суретте фермерлердің экстремалды ауа райынан қорғау үшін өрік ағаштарының үстіне тент орнатып жатқан сәті көрсетілген."Менің ғаламшарым" номинациясындағы сериялық суреттер арасында бахрейндік Мустафа Абдулхадидің (Mustafa AbdulHadi) жұмысы ең үздік болды. Ол Кербелада шиит мұсылмандары атап өтетін Ашура күніне арналған қаралы рәсімнің түрлі сәттерін біріктірген."Портрет. Біздің заманымыздың қаһарманы" номинациясында Мьянма мен Ресей фотожурналистерінің жұмыстары үздік деп танылды. Мьянмалық Ньин Ньин Хтвеның (Nyein Nyein Htwe) "Балықшы отбасы" атты жұмысы балық аулағаннан кейін отағасының олжасын жұбайына тапсырып тұрған сәтін бейнелейді.Ал ресейлік репортер Пелагея Тихонованың "Тыныштықтағы сыбыр" деп аталатын фотосериясы Николо-Сольбинск әйелдер монастырінде өмір сүретін қыздардың тіршілігін көрсетеді. Автор көрерменді діни мекемелердің жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпалы және мұндай ортада өсіп, білім алудың мәні туралы ойлануға шақырады.Ең әсерлі фотосуреттер "Жоғарыдан қарау. Жеке фотография" номинациясында ұсынылды. Байқаудың қазылар алқасы бразилиялық Ансельмо Кунья душ Сантуштың (Anselmo Cunha dos Santos) "Су басқан әуежайдың ұшу-қону жолағындағы ұшақ" атты керемет фотосына жүлделі орынды берді. Сурет Риу-Гранди-ду-Сул штатында түсірілген.Байқау туралыРесейдің ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.Бұл жас фотографтарға – талантты, сезімтал және барлық жаңалыққа ашық, біздің назарымызды айналамыздағы адамдар мен оқиғаларға аударатын фотографтарға арналған алаң.Байқаудың бас ақпараттық серіктестері: ВГТРК (Ресей), СМОТРИМ онлайн-платформасы (Ресей) және "Москва 24" телеарнасы (Ресей).Халықаралық ақпараттық серіктестер: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (халықаралық), RT телеарнасы мен порталы (халықаралық), Independent Media медиахолдингі (ОАР), ANA жаңалықтар агенттігі (ОАР), Shanghai United Media Group (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиажелісі (Ливан).
https://sputnik.kz/20250618/andrey-stenin-atyndagy-xi-bayqaudyn-short-tizimine-qanday-suretter-endi---foto-54803924.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58878383_73:0:1201:846_1920x0_80_0_0_0ac0ce97abab62d593c6082ff35f53ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
фотограф, байқау, халықаралық байқау
фотограф, байқау, халықаралық байқау
Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздары анықталды
Марапаттау рәсімі 18 қарашада Мәскеуде Қызыл алаңдағы Мемлекеттік тарихи музейде өтті
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Мәскеулік фотосуретші Екатерина Якель Андрей Стенин атындағы XI халықаралық фотожурналистика байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Халықаралық қазылар алқасы оған жарақат алғанына қарамастан бейбіт өмірде батылдық пен күш-қуаттың үлгісін көрсетіп келе жатқан әскери іс-қимылдар ардагерлері туралы "Орыс мінезі: кедергілер арқылы жүгіру" атты фотосуреттер сериясы үшін байқаудың бас жүлдесін бірауыздан берді.
"Батырлық ұрыс алаңында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де көрінеді. Өкінішке қарай, көптеген сарбаз үшін майдан шебіндегі қызмет өз ізін қалдырады. Жарақат алғаннан кейін ардагерлер тура мағынасында жүруді үйренуі қажет болады. Спорт оңалтуға ғана емес, сонымен қатар үйге оралғаннан кейін өзін жаңа қырынан көрсетуге көмектеседі. Серия "Орто-Спорт" спорттық-бейімделу орталығы ұйымдастырған "Чемпиондар сынағы" мектебінде түсірілген. Батырлар – майдан шебінде өз Отанын қорғайтындар ғана емес, сонымен қатар өмір сүруге күш табатындар", - дейді Екатерина Якель.
Фотосуреттер сериясы "Портрет. Біздің заманымыздың батыры" номинациясында ұсынылды.
Гран-примен қатар, 2025 жылғы барлық жеңімпаз жарияланды.
Жалғыз суреттер арасында "Негізгі жаңалықтар" номинациясында Индонезия фотографы Реза Сайфулланың "Рохинджаның аударылған қайығы" атты жұмысы үздік деп танылды, онда Индонезияның Батыс Ачех жағалауында аударылған қайықта құтқарушыларды күтіп тұрған рохинджа босқындары бейнеленген.
"Ең үздік жаңалықтар" номинациясында бірінші орын палестиналық Абдельрахман Әлкалутқа (Abdelrahman Alkahlout) Палестинадағы қорқынышты трагедияны баяндайтын "Газа: геноцид жаңғырығы" сериясы үшін берілді.
Спорт номинациясында "Жеке фотосурет" санатындағы бірінші орын "Соңғы жүгіру: чемпионның құлауы" деп аталатын Бангладеш фотографы С. М. Әл Музтаба Росулдың (S.M. Al Muztaba Rosul) жұмысына берілді.
Қатысушылар арасында ең танымал "Менің ғаламшарым" номинациясында қытай фотографы Мэндань Чжудың (Mengdan Zhu) "Тент астындағы жеміс ағаштары" атты фотосуреті үздік деп танылды. Суретте фермерлердің экстремалды ауа райынан қорғау үшін өрік ағаштарының үстіне тент орнатып жатқан сәті көрсетілген.
"Менің ғаламшарым" номинациясындағы сериялық суреттер арасында бахрейндік Мустафа Абдулхадидің (Mustafa AbdulHadi) жұмысы ең үздік болды. Ол Кербелада шиит мұсылмандары атап өтетін Ашура күніне арналған қаралы рәсімнің түрлі сәттерін біріктірген.
"Портрет. Біздің заманымыздың қаһарманы" номинациясында Мьянма мен Ресей фотожурналистерінің жұмыстары үздік деп танылды. Мьянмалық Ньин Ньин Хтвеның (Nyein Nyein Htwe) "Балықшы отбасы" атты жұмысы балық аулағаннан кейін отағасының олжасын жұбайына тапсырып тұрған сәтін бейнелейді.
Ал ресейлік репортер Пелагея Тихонованың "Тыныштықтағы сыбыр" деп аталатын фотосериясы Николо-Сольбинск әйелдер монастырінде өмір сүретін қыздардың тіршілігін көрсетеді. Автор көрерменді діни мекемелердің жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпалы және мұндай ортада өсіп, білім алудың мәні туралы ойлануға шақырады.
Ең әсерлі фотосуреттер "Жоғарыдан қарау. Жеке фотография" номинациясында ұсынылды. Байқаудың қазылар алқасы бразилиялық Ансельмо Кунья душ Сантуштың (Anselmo Cunha dos Santos) "Су басқан әуежайдың ұшу-қону жолағындағы ұшақ" атты керемет фотосына жүлделі орынды берді. Сурет Риу-Гранди-ду-Сул штатында түсірілген.
Ресейдің ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
Бұл жас фотографтарға – талантты, сезімтал және барлық жаңалыққа ашық, біздің назарымызды айналамыздағы адамдар мен оқиғаларға аударатын фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың бас ақпараттық серіктестері: ВГТРК (Ресей), СМОТРИМ онлайн-платформасы (Ресей) және "Москва 24" телеарнасы (Ресей).
Халықаралық ақпараттық серіктестер: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (халықаралық), RT телеарнасы мен порталы (халықаралық), Independent Media медиахолдингі (ОАР), ANA жаңалықтар агенттігі (ОАР), Shanghai United Media Group (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиажелісі (Ливан).