https://sputnik.kz/20251118/aleumettik-tauarlardy-qymbat-bagaga-satqandar-50-mln-tengeden-astam-ayyppul-toledi-58879305.html
Әлеуметтік тауарларды қымбат бағаға сатқандар 50 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Әлеуметтік тауарларды қымбат бағаға сатқандар 50 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Sputnik Қазақстан
Саудада үстеме бағаны 15 пайыздан жоғары белгілегені үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T22:07+0500
2025-11-18T22:07+0500
2025-11-18T22:07+0500
министрлік
азық-түлік
баға
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:360:996:920_1920x0_80_0_0_966573cb5adaf672924398288cd6fd25.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.Елдің барлық өңірінде тұрақты негізде жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар делдалдық тізбектерді зерделеп, баға қалыптастыру үдерісін кешенді түрде талдаған.Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар өңірлік комиссиялардың 960 отырысын өткізді. Нәтижесінде 2727 тиімсіз делдал және сауда үстемесін заңсыз көтеру фактілері анықталды. 2342 жағдай бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 385 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.Аумақтық департаменттер сауда үстемесін 15 пайыздан жоғары қолданғаны үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады. Оның ішінде 1267 айыппұлдың жалпы сомасы 50,8 миллион теңгеден асты, сондай-ақ 1171 ескерту берілді.Аталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.
https://sputnik.kz/20251106/fonogramma-ushin-4-mln-tenge-ayyppul-salynady-58498591.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57789956_0:267:996:1014_1920x0_80_0_0_2027def3f9085cfd4cf0a96ad675bf37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, азық-түлік, баға
министрлік, азық-түлік, баға
Әлеуметтік тауарларды қымбат бағаға сатқандар 50 млн теңгеден астам айыппұл төледі
Саудада үстеме бағаны 15 пайыздан жоғары белгілегені үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлады сауда және интеграция
министрлігі.
Елдің барлық өңірінде тұрақты негізде жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар делдалдық тізбектерді зерделеп, баға қалыптастыру үдерісін кешенді түрде талдаған.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар өңірлік комиссиялардың 960 отырысын өткізді. Нәтижесінде 2727 тиімсіз делдал және сауда үстемесін заңсыз көтеру фактілері анықталды. 2342 жағдай бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 385 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды.
"Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын бақылауға бағытталған пилоттық жобаның аясында электрондық шот-фактураларды бірлесіп талдау жүргізіліп жатыр. Бұл құрал бағаның негізсіз өсуіне және артық делдалдық буындардың пайда болуына жол беретін тәуекелдерді жедел анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 10 миллионнан астам жеткізу тізбегі талданып, сауда заңнамасын бұзу қаупінің 914 белгісі анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аумақтық департаменттер сауда үстемесін 15 пайыздан жоғары қолданғаны үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады. Оның ішінде 1267 айыппұлдың жалпы сомасы 50,8 миллион теңгеден асты, сондай-ақ 1171 ескерту берілді.
Аталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.