Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина кредитті қайтармауы мүмкін – Франция сыртқы істер министрі

© AP Photo / Efrem LukatskyФлаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом "Родина-мать" в Киеве
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Еуроодақ елдері Ресейдің бұғатталған активтері есебінен беруді көздеп отырған 140 миллиард еуро көлеміндегі кредитті Киев қайтармауы мүмкін, деп мәлімдеді Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро.

"Бұл кредит бойынша бізде белгілі бір шарттар бар. Бұл кредиттің қайтарылатынына кепілдік жоқ болғандықтан, "Жетілік тобындағы" серіктестеріміз біздің қаржылық тәуекелімізді бөліскені жөн", – деді Барро France Info басылымына берген сұхбатында.

Ол Киевке қаражат беру Ресей активтерін тәркілеуге әкелмеуге тиіс екенін атап өтті.
"Бұл заңдық қиындықтар тудыруы мүмкін", — деп толықтырды Барро.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Здание штаб-квартиры Европейского парламента в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Украинаға 6 айға несие беруі мүмкін - БАҚ
Жаңалықтар
0