Қазақстан Беларусь блогеріне неліктен іздеу жариялағаны белгілі болды

Блогер Mellstroy - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Ол "Mellstroy.game" онлайн-казино платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі Беларусь елінің азаматы Андрей Буримге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот санкциясына сәйкес, блогер қамауға алынуы шарт.
"Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь Республикасының азаматы, "Mellstroy" лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичті халықаралық іздеуге жариялады", - делінген ресми хабарламада.
26 жастағы блогер әлеуметтік желілер арқылы "Mellstroy.game" онлайн-казино платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырғаны үшін айыпталып отыр.
Жарнамада TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.
Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформадағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.
Жаңалықтар
0