Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Халықаралық валюта қоры алдағы екі жылда Украинаға қанша көмек қажет болатынын есептеді

© Sputnik / Алексей ВитвицкийЕуроодақ нышаны
Еуроодақ нышаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Еуропалық комиссия басшысы бұл сома 52,3 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмектен және 83,4 миллиард еуро көлеміндегі әскери көмектен тұратынын нақтылады
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Халықаралық валюта қорының алдын ала мәліметтері бойынша, Украинаға 2026-2027 жылдар аралығында 135,7 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық және әскери көмек қажет болады. Бұл деректі Politico басылымы Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің Еуроодақ елдерінің басшыларына жолдаған хатына сілтеме жасап жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
"2026 жылдың соңына дейін қақтығыстың аяқталуын болжаған және Украина билігінің әскери қолдауға қатысты болжамдарын ескерген Халықаралық валюта қорының алдын ала болжамдарына сәйкес, 2026-2027 жылдар аралығындағы жалпы қажеттілік 135,7 миллиард еуроны құрайды", - делінген құжатта.
Еуропалық комиссия басшысы бұл сома 52,3 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмектен және 83,4 миллиард еуро көлеміндегі әскери көмектен тұратынын нақтылады.
Бұл сома Еуропалық комиссия Украинаға несие беру үшін негіз ретінде пайдалануды ұсынған Euroclear қорында бұғатталған Ресей Орталық банкінің 140 миллиард еуро көлеміндегі активтеріне дәл сәйкес келеді. Ол қаражатты Киев Ресейден "өтемақы" алғаннан кейін ғана қайтарады деп көзделіп отыр. Бельгия әлі күнге дейін Ресейдің жеке қорларын пайдалануға келісім берген жоқ.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Еуроодақ пен "Үлкен жетілік" елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттаған. 200 миллиардтан астам қаражат Еуроодақта, негізінен (176 миллиард) әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекеттерді бірнеше рет ұрлық деп атап, ЕО жеке тұлғалардың қаражатын ғана емес, сонымен бірге мемлекет активтерін де бұғаттағанын мәлімдеді.
Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия Украинаны қаржыландыруға міндетті емес - Орбан
Жаңалықтар
0