https://sputnik.kz/20251117/erdogan-ukrainaga-qatysty-bastamalardy-ukimetpen-talqylaydy-derekkoz-58847793.html
Ердоған Украинаға қатысты бастамаларды үкіметпен талқылайды –дереккөз
Ердоған Украинаға қатысты бастамаларды үкіметпен талқылайды –дереккөз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысында Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау... 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T13:56+0500
2025-11-17T13:56+0500
2025-11-17T13:56+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/06/16715073_0:257:2725:1790_1920x0_80_0_0_ff10189662f6bb98d29aa3a07186e461.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысында Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылайды, деп хабарлады РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей-Украина қақтығысы тоқтауға жақын екенін және келіссөздің жаңа кезеңі өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен жағдайды реттеудің саяси аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша Мәскеу 2022 жылы Ыстанбұлда өткен келіссөздерде ресейлік тарап ұсынған гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақтырақ қарастыру үшін үш жұмыс тобын құру ұсынысына Киевтен әлі жауап алмаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/06/16715073_0:1:2725:2045_1920x0_80_0_0_2d56cba11a8f29d993358d5a9781d64b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ердоған Украинаға қатысты бастамаларды үкіметпен талқылайды –дереккөз
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысында Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылайды, деп хабарлады
РИА Новостиге түрік дипломатиялық дереккөзі.
Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей-Украина қақтығысы тоқтауға жақын екенін және келіссөздің жаңа кезеңі өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
"Украинадағы қақтығыс және оны шешу бойынша Анкараның арағайындық бастамалары президент Тайып Ердоған қатысатын бүгінгі үкімет отырысының күн тәртібінде болады", - деді агенттік дереккөзі.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Украинамен жағдайды реттеудің саяси аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша Мәскеу 2022 жылы Ыстанбұлда өткен келіссөздерде ресейлік тарап ұсынған гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақтырақ қарастыру үшін үш жұмыс тобын құру ұсынысына Киевтен әлі жауап алмаған.