https://sputnik.kz/20251117/endi-onkologiyalyq-auruga-shaldyqqandar-shetelde-emdelu-ushin-aqsha-izdep-sabylmaydy-58837445.html
Енді онкологиялық ауруға шалдыққандар шетелде емделу үшін ақша іздеп сабылмайды
Енді онкологиялық ауруға шалдыққандар шетелде емделу үшін ақша іздеп сабылмайды
Sputnik Қазақстан
Астанада шетелде бар технологиялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, енді бәрін өзімізде жасаймыз, дейді мамандар 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T09:54+0500
2025-11-17T09:54+0500
2025-11-17T09:54+0500
онкология
дәрігер
жаңа технологиялар
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833567_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_7563e2f5bbd9814954ab90d9f9b5d098.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық радиофармпрепараттардың 13 түрінен тұратын төл өндірісін іске қосты.ҰҒОО Радиациялық технологиялар орталығының басшысы Индира Тілеулесованың айтуынша, бұл Қазақстандағы бір кешеннің базасында ПЭТ-диагностика мен терапияның толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Осылайша, орталық өз қажеттіліктерін толығымен, ал пациенттерін арнайы препараттармен ПЭТ зерттеулерден өтуге жіберетін басқа аймақтардың қажеттіліктерін ішінара жауып отыр.Одан бөлек, бүгінде көптеген әлемдік медициналық орталықтар тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеу қызметі үшін ҰҒОО-мен тығыз ынтымақтаса бастады."Бізде болашақта диагностикалық мақсаттар үшін 13 радиофармпрепарат шығару жоспарлануда. Осылайша біз өз қажеттіліктерімізді, сонымен қатар ішінара басқа өңірлердің қажеттіліктерін өтемекпіз. Біз енді пациенттерімізге шетелге кету үшін ақша іздеп сабылмауына көмектесе аламыз, біз мұнда кезең-кезеңімен енгізіп жатқан көптеген нәрсе шетелде бар, сол үшін де ол жаққа баруға ұмтылатындар көп. Енді бәрін өзімізде жасаймыз", - деп атап өтті Индира Тілеулесова.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58833567_84:0:1197:835_1920x0_80_0_0_ce51287c04ae739d9739e51a8968bdfb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, дәрігер, жаңа технологиялар, астана
онкология, дәрігер, жаңа технологиялар, астана
Енді онкологиялық ауруға шалдыққандар шетелде емделу үшін ақша іздеп сабылмайды
Астанада шетелде бар технологиялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, енді бәрін өзімізде жасаймыз, дейді мамандар
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық радиофармпрепараттардың 13 түрінен тұратын төл өндірісін іске қосты.
ҰҒОО Радиациялық технологиялар орталығының басшысы Индира Тілеулесованың айтуынша, бұл Қазақстандағы бір кешеннің базасында ПЭТ-диагностика мен терапияның толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
"ПЭТ-КТ және ПЭТ-МРТ сынды тағы да басқа озық үлгідегі жабдықтарда жұмыс істеу үшін ҰҒОО-да өз мамандарының командасы жасақталды. Олар – медициналық физиктер, радиохимиктер, радиофармацевтер және инженерлер. Бұл елімізде ең заманауи емдеу хаттамаларын енгізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, орталық өз қажеттіліктерін толығымен, ал пациенттерін арнайы препараттармен ПЭТ зерттеулерден өтуге жіберетін басқа аймақтардың қажеттіліктерін ішінара жауып отыр.
Одан бөлек, бүгінде көптеген әлемдік медициналық орталықтар тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеу қызметі үшін ҰҒОО-мен тығыз ынтымақтаса бастады.
"Бізде болашақта диагностикалық мақсаттар үшін 13 радиофармпрепарат шығару жоспарлануда. Осылайша біз өз қажеттіліктерімізді, сонымен қатар ішінара басқа өңірлердің қажеттіліктерін өтемекпіз. Біз енді пациенттерімізге шетелге кету үшін ақша іздеп сабылмауына көмектесе аламыз, біз мұнда кезең-кезеңімен енгізіп жатқан көптеген нәрсе шетелде бар, сол үшін де ол жаққа баруға ұмтылатындар көп. Енді бәрін өзімізде жасаймыз", - деп атап өтті Индира Тілеулесова.