https://sputnik.kz/20251117/auezhay-eskalatorda-zharaqat-algan-balaga-2-mln-tenge-toleydi-58838558.html
Әуежай эскалаторда жарақат алған балаға 2 млн теңге төлейді
Әуежай эскалаторда жарақат алған балаға 2 млн теңге төлейді
Sputnik Қазақстан
Әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген 17.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-17T10:50+0500
2025-11-17T10:50+0500
2025-11-17T10:50+0500
эскалатор
әуежай
жарақат
сот шешімі
https://sputnik.kz/img/573/60/5736072_0:2:1920:1082_1920x0_80_0_0_4028a2682513fc61ec55ece2502b2561.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғарғы соттың ресми парақшасына сілтеме жасап.Бұл оқиға былтыр жазда болған. Елорданың тұрғыны кәмелетке толмаған екі баласымен Астанадан Ақтауға ұшып барған. Жолаушылар терминалынан шыққаннан кейін балалардың біреуі – екі жасар қыз шығу есіктері арқылы әуежайға жалғыз өзі қайта кіріп, эскалаторға жүгіріп барған. Сол жерде қолын қозғалатын механизмге қойғанда саусағын жарақаттап алған. Енді 10 жасқа толғанда саусақты түзету отасын жасауға тура келеді.Жәбірленушінің анасы сотқа арыз түсіріп, моральдық шығынды әуежайдан өтеуді сұрап талап етті. Ал әуежайдың өкілі жазатайым оқиға әуежай қызметкерлерінің кінәсінен емес, баланың эскалаторға өз бетінше жақындағанынан болды деп отыр.Осылайша, әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген.Сот үкімімен Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20230421/kokshetauda-eskalator-ayeldin-ayagyn-qysyp-tastady-34187293.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/573/60/5736072_238:0:1683:1084_1920x0_80_0_0_063cc35d840d9bf69a4f411435bb279a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эскалатор, әуежай, жарақат, сот шешімі
эскалатор, әуежай, жарақат, сот шешімі
Әуежай эскалаторда жарақат алған балаға 2 млн теңге төлейді
Әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан жоғарғы соттың ресми парақшасына
сілтеме жасап.
Бұл оқиға былтыр жазда болған. Елорданың тұрғыны кәмелетке толмаған екі баласымен Астанадан Ақтауға ұшып барған. Жолаушылар терминалынан шыққаннан кейін балалардың біреуі – екі жасар қыз шығу есіктері арқылы әуежайға жалғыз өзі қайта кіріп, эскалаторға жүгіріп барған. Сол жерде қолын қозғалатын механизмге қойғанда саусағын жарақаттап алған. Енді 10 жасқа толғанда саусақты түзету отасын жасауға тура келеді.
Жәбірленушінің анасы сотқа арыз түсіріп, моральдық шығынды әуежайдан өтеуді сұрап талап етті. Ал әуежайдың өкілі жазатайым оқиға әуежай қызметкерлерінің кінәсінен емес, баланың эскалаторға өз бетінше жақындағанынан болды деп отыр.
"Алайда сотта қаралған бейнематериалдарда әуежай инспекторының ғимаратқа шығу есіктері арқылы кірген баланың қолын ұстағаны, бірақ оның соңынан ілеспек болған анасының көңілін аулап, оны босатқаны анықталған. Инспектор әйелді әуежай ғимаратына кіргізбей, баланы қараусыз қалдырған, қыз бала эскалатормен көтеріліп, сол жерде жарақат алған", - делінген сот үкімінде.
Осылайша, әуежай қызметкерлері кішкентай бүлдіршіннің терминал ғимаратына үлкендердің ертіп жүруінсіз кіруіне жол берген.
Сот үкімімен Ақтау әуежайы эскалаторда жарақат алған үш жасар қызға 2 млн теңге төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.