Он төрт жастағы қызды өлтіріп кетті: күдіктіні ұстаған сәттің видеосы жарияланды

© AFP 2024 / Sandor GemesЧеловек в наручниках держит официальный документ, фото из архива
Человек в наручниках держит официальный документ, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
35 жастағы күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында ұсталды.
"Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында оқушы қыздың пышақ жарақатынан қайтыс болғаны туралы жаңалық әлеуметтік желіде тарады. Облыстық полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне 14 жастағы жасөспірімнің өлімін растады.
Пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Ақмола облысында мектеп оқушысын пышақтап кетті
Жаңалықтар
0