https://sputnik.kz/20251116/semeyde-oqushylar-botelke-qaqpaqtarynan-erekshe-ecobox-oylap-tapty-58819096.html
Семейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты
Семейлік оқушылар бөтелке қақпақтарынан ерекше EcoBox ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Семейдегі "Келешек мектебінің" оқушылары пластик қақпақтардан EcoBox дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T11:27+0500
2025-11-16T11:27+0500
2025-11-16T12:58+0500
абай облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58818486_0:99:1080:707_1920x0_80_0_0_f57ddc8d06fc9ed661b5b6829c932f36.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Семейдегі "Келешек мектебінің" оқушылары пластик қақпақтардан EcoBox дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Семейдегі №51 "Келешек мектебінде" оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында STEM бағыты негізінде EcoBox жобасы жүзеге асырылды. 6–7-сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындаған. Өнертапқыш оқушы Әлинұр Байқабаттың айтуынша, EcoBox-ты дайындауға бір апта уақыт кеткен.Әлинұрдың айтуынша, бұл жоба шыдамдылықты қажет етеді."Біз бірлесе жұмыс істеуді, шыдамдылық пен ұқыптылықты үйрендік. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға болатынын түсіндік. Мұғаліміміз бағыт беріп отырды, ал сыныптастарымыз идея қосып, қолмен жасап шығардық", - дейді Әлинұр Байқабат.Жобаны жасап шыққан оқушының бірі – Серік Тожыбаев."Енді осы сұрыптау жәшігіне жиналған бөтелкерден сыпырғыш, мектеп ауласына гүл және мектеп ішіне гүл отырғызатын ыдыстар жасайтын жоспарымыз бар", - дейді ол.Жобаны жасау кезінде оқушылар далада бей-берекет шашылып жатқан қақпақтың соншалықты көп екенін білдік дейді.Оқушылардың айтуынша, "әр жиналған қақпақ – таза елге қосылған бір кішкентай қадам".Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ерасыл Қасымов оқушылардың мұндай жобаларға қызығушылығы өте жоғары дейді."Қазір балалар қолдан жасап шығаратын жобаларға ерекше қызығады, ынтасы да артады. EcoBox жобасы жақында ғана жасалды, балалардың қызығып жұмыс істегенін көріп қуандым. Алда мұндай бастамаларды жалғастырып, түрлі қолданбалы жобалар жасау ойда бар. Келесі аптада өзім де "Педагогикалық идея" байқауына осы бағыттағы жұмыстарымды ұсынып, қатысуды жоспарлап отырмын"", - дейді оқушылардың жетекшісі.Оқушылар шамамен 2100 қақпақ пайдаланған. Дайын EcoBox мектеп ішінде орнатылып, пластик қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беріп отыр. Бір бұл емес, Абай мектебінде мұндай қызықты жобалар көбейіп келеді."Абай облысының мектептерінде оқушылардың өз бастамасымен жасалып жатқан осындай ерекше экожобалар көбейіп келеді. Қазір балалар экологияны тек теорияда емес, нақты әрекет арқылы меңгеруге ұмтылатынын көруге болады. "Келешек мектеп" оқушыларының EcoBox жасап шығуы – осының айқын дәлелі. Өзгелерге үлгі боларлық бастама. Оқушылардың өз ортасындағы мәселені көріп, оған шешім ұсына білуі – қазіргі білім беру жүйесінің күткен нәтижесі", - дейді Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Амантайқызы.Алдағы уақытта мектеп ұжымы қақпақтардан EcoBench, яғни экооорындық жасау, мектеп ауласын экологиялық материалдармен абаттандыру және "STEM EcoLab" бұрышын ашып, тәжірибелік экожобаларды кеңейту бойынша жұмысты жоспарлап отыр.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58818486_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_56d3227ff5f607af15eecf3d4cfe52e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
абай облысы, оқушы
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Семейдегі "Келешек мектебінің" оқушылары пластик қақпақтардан EcoBox дайындады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Семейдегі №51 "Келешек мектебінде" оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында STEM бағыты негізінде EcoBox жобасы жүзеге асырылды. 6–7-сынып оқушылары пластик бөтелке қақпақтарын жинап, оларды қайта өңдеу арқылы мектеп дәлізіне арналған экоқоқыс жәшігін дайындаған. Өнертапқыш оқушы Әлинұр Байқабаттың айтуынша, EcoBox-ты дайындауға бір апта уақыт кеткен.
"Сызбасын сызған кезде және қақпақтардың санын, түстерін құрастыру қиынға соқты және ұзақ уақыт алды. Кейде түстері сәйкес келмей қалған кезде қақпақтарды тарқатып қайтадан жасаған кездер болды", - дейді ол.
Әлинұрдың айтуынша, бұл жоба шыдамдылықты қажет етеді.
"Біз бірлесе жұмыс істеуді, шыдамдылық пен ұқыптылықты үйрендік. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдануға болатынын түсіндік. Мұғаліміміз бағыт беріп отырды, ал сыныптастарымыз идея қосып, қолмен жасап шығардық", - дейді Әлинұр Байқабат.
Жобаны жасап шыққан оқушының бірі – Серік Тожыбаев.
"Енді осы сұрыптау жәшігіне жиналған бөтелкерден сыпырғыш, мектеп ауласына гүл және мектеп ішіне гүл отырғызатын ыдыстар жасайтын жоспарымыз бар", - дейді ол.
Жобаны жасау кезінде оқушылар далада бей-берекет шашылып жатқан қақпақтың соншалықты көп екенін білдік дейді.
Оқушылардың айтуынша, "әр жиналған қақпақ – таза елге қосылған бір кішкентай қадам".
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ерасыл Қасымов оқушылардың мұндай жобаларға қызығушылығы өте жоғары дейді.
"Қазір балалар қолдан жасап шығаратын жобаларға ерекше қызығады, ынтасы да артады. EcoBox жобасы жақында ғана жасалды, балалардың қызығып жұмыс істегенін көріп қуандым. Алда мұндай бастамаларды жалғастырып, түрлі қолданбалы жобалар жасау ойда бар. Келесі аптада өзім де "Педагогикалық идея" байқауына осы бағыттағы жұмыстарымды ұсынып, қатысуды жоспарлап отырмын"", - дейді оқушылардың жетекшісі.
Оқушылар шамамен 2100 қақпақ пайдаланған. Дайын EcoBox мектеп ішінде орнатылып, пластик қалдықтарды сұрыптап жинауға мүмкіндік беріп отыр. Бір бұл емес, Абай мектебінде мұндай қызықты жобалар көбейіп келеді.
"Абай облысының мектептерінде оқушылардың өз бастамасымен жасалып жатқан осындай ерекше экожобалар көбейіп келеді. Қазір балалар экологияны тек теорияда емес, нақты әрекет арқылы меңгеруге ұмтылатынын көруге болады. "Келешек мектеп" оқушыларының EcoBox жасап шығуы – осының айқын дәлелі. Өзгелерге үлгі боларлық бастама. Оқушылардың өз ортасындағы мәселені көріп, оған шешім ұсына білуі – қазіргі білім беру жүйесінің күткен нәтижесі", - дейді Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Амантайқызы.
Алдағы уақытта мектеп ұжымы қақпақтардан EcoBench, яғни экооорындық жасау, мектеп ауласын экологиялық материалдармен абаттандыру және "STEM EcoLab" бұрышын ашып, тәжірибелік экожобаларды кеңейту бойынша жұмысты жоспарлап отыр.