https://sputnik.kz/20251116/futboldan-qazaqstan-quramasynyn-eks-bas-bapkeri-dunieden-ozdy-58826032.html
Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері дүниеден озды
Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері дүниеден озды
Sputnik Қазақстан
1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T20:46+0500
2025-11-16T20:46+0500
2025-11-16T20:46+0500
қазақстан футбол федерациясы
бас бапкер
қазақстандық бапкер
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58825867_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_5a4b5a4eb8f001b9e60a042aa0e21f79.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 1995-1997 жылдары басқарған Серік Бердалин 79 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.Қарағанды футболының түлегі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Бердалин "Шахтёр" және "Металлург/Строитель" командаларында ойнаған. Спорттық карьерасын аяқтаған соң "Шахтёр", "Ертіс" және "Жетісу" сынды бірқатар қазақстандық клубта бапкерлік әрі басшылық қызмет атқарды. Серік Бердалиннің жетекшілігімен "Шахтёр" (1995) мен "Ертіс" (1998) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.Серік Бердалин – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы елдің үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері.Қазақстан футбол федерациясы Серік Бердалиннің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтты.
https://sputnik.kz/20250718/khalyq-zhazushysy-israil-saparbay-dunieden-otti-55744854.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58825867_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_2055c233cc6a5c91d7b30868f5237a84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан футбол федерациясы, бас бапкер, қазақстандық бапкер
қазақстан футбол федерациясы, бас бапкер, қазақстандық бапкер
Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері дүниеден озды
1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 1995-1997 жылдары басқарған Серік Бердалин 79 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Қарағанды футболының түлегі, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Бердалин "Шахтёр" және "Металлург/Строитель" командаларында ойнаған. Спорттық карьерасын аяқтаған соң "Шахтёр", "Ертіс" және "Жетісу" сынды бірқатар қазақстандық клубта бапкерлік әрі басшылық қызмет атқарды. Серік Бердалиннің жетекшілігімен "Шахтёр" (1995) мен "Ертіс" (1998) Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
"1995-1997 жылдары Серік Сәрсембайұлы Қазақстан ұлттық құрамасын басқарды, ал 2003-2008 жылдары Қазақстанның Туризм және спорт агенттігінде футбол бойынша мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды", - деп жазылған хабарламада.
Серік Бердалин – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, сондай-ақ 1995 жылғы елдің үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері.
Қазақстан футбол федерациясы Серік Бердалиннің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтты.