https://sputnik.kz/20251115/toqaevqa-ozbekstannyn-en-zhogary-memlekettik-nagradasy-tabystaldy-58794657.html
Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті 15.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-15T12:43+0500
2025-11-15T12:43+0500
2025-11-15T13:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58793709_0:62:1280:782_1920x0_80_0_0_d7d2701aa2bbe211203c2f07727ad6af.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын "Олий Даражали Дустлик" ("Жоғары дәрежелі достық") орденімен марапаттады, деп хабарлайды АқордаТоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті.Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.Өзбекстан президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мен елдің халықаралық аренадағы табыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен тікелей байланысты екеніне тоқталды."Осындай салтанатты рәсімде Сізге, еліміздің шын жанашырына Өзбекстанның жоғары мемлекеттік наградасы – жоғары дәрежелі "Дустлик" орденін табыстау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – көпұлтты Өзбекстан халқының Қазақстан президентінің ерен еңбегіне көрсеткен құрметі мен шынайы бағасы. Біздің еліміз Сізді бүкіл әлем білетін көрнекті мемлекет және саяси қайраткер ретінде жақсы таниды. Сіздің парасатты басшылығыңызбен Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Барлық салада жарқын жетістіктер бар. Қазақстандықтардың әл-ауқаты тұрақты түрде артып келеді. Ең бастысы, халқыңыздың ертеңге деген сенімі зор. Біз жақын дос әрі көрші ретінде Қазақстанның табыстарына шын жүректен қуанамыз, – деді Шавкат Мирзиёев.
https://sputnik.kz/20251115/qazaqstan-men-ozbekstan-prezidentteri-birlesken-zhobalardy-iske-qosty-58790628.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0f/58793709_27:0:1154:845_1920x0_80_0_0_1af55541dff1c1e21c546ffe1d353e8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
12:43 15.11.2025 (жаңартылды: 13:22 15.11.2025) Мемлекет басшысы бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын "Олий Даражали Дустлик" ("Жоғары дәрежелі достық") орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда
Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті.
Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.
"Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді қазақстандықтардың жанына жақын құндылықтарды әрі сонымен үндес өзбек халқының рухын айшықтайды. Орденнің атауы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын дәлме-дәл сипаттайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бауырлас халықтардың игілігі үшін өркендетеміз. Ұлы Абай мен Науаи достықтың озық үлгісін дәріптеп, өзара сенім халықтардың татулығын нығайтатынын, бір-біріне құрмет оны шыңдай түсетінін насихат етті", – деді Мемлекет басшысы.
Өзбекстан президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мен елдің халықаралық аренадағы табыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімімен тікелей байланысты екеніне тоқталды.
"Осындай салтанатты рәсімде Сізге, еліміздің шын жанашырына Өзбекстанның жоғары мемлекеттік наградасы – жоғары дәрежелі "Дустлик" орденін табыстау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – көпұлтты Өзбекстан халқының Қазақстан президентінің ерен еңбегіне көрсеткен құрметі мен шынайы бағасы. Біздің еліміз Сізді бүкіл әлем білетін көрнекті мемлекет және саяси қайраткер ретінде жақсы таниды. Сіздің парасатты басшылығыңызбен Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Барлық салада жарқын жетістіктер бар. Қазақстандықтардың әл-ауқаты тұрақты түрде артып келеді. Ең бастысы, халқыңыздың ертеңге деген сенімі зор. Біз жақын дос әрі көрші ретінде Қазақстанның табыстарына шын жүректен қуанамыз, – деді Шавкат Мирзиёев.