https://sputnik.kz/20251115/bugin-qazaqstanda-zhane-alemde-qanday-mereke-bolady-15-qarasha-58615338.html
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 15 қараша
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 15 қараша
Sputnik Қазақстан
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 319-шы күн. Жыл соңына дейін 46 күн қалды 15.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-15T00:01+0500
2025-11-15T00:01+0500
2025-11-15T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
танымал тұлғалар
танымал есімдер
https://sputnik.kz/img/1191/77/11917736_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_3b9ef6b95215b3913d89839ceb12a533.jpg
15 қараша күні не болғанын білесіз бе?Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.15 қарашада қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін халықаралық шылымнан бас тарту күні. Жұрт "Бір тамшы никотин жылқыны өлтіреді" деген сөзді жақсы біледі. Осыны біле тұра көптеген адам әлі күнге дейін шылымнан бас тарта алмай жүр. Тіпті, керісінше жыл сайын шылым шегушілердің қатары көбейіп келеді. Аталған мереке қараша айының үшінші бейсенбісінде аталып өтеді.Қазақстанда бүгін ұлттық валюта және қаржы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандар мерекесі. Орта ғасырларда түркілер күміс ақшаларын "денге", "таньга" деп атайтын болған. Яғни теңгенің және орыстардың "деньги" сөзі осыдан шыққан. 1993 жылы теңге айналымға енді. Осы уақыттан бері бұл елдегі ресми мерекелердің біріне айналды.Мұнымен қатар, 15 қараша күні сүтті коктейль күні. Бұл мереке балалық шақты еске түсіреді. Біреулерге үйде, екіншілеріне дәмханада жасалған түрлері ұнап жатады. Бір қызығы, сүтті мүлдем іше алмаса да, сүтті коктейльдерден бас тарта алмайтын адамдар кездеседі. Сүтті коктейль ең алғаш 1865 жылы Ұлыбританияда пайда болған.15 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1815 жылы алғаш рет "Елизавета" атты орыс кемесі Петербургтен Кронштадқа жол тартқан болатын;1904 жылы АҚШ-та жүзі ауысатын ұстаралар патенттелді;1933 жылы Мәскеуде алғаш рет троллейбустер жүре бастады;1934 жылы КСРО-да дыбысы бар телебағдарлама көрсетілді;1955 жылы Ленинград метрополитені қосылды.15 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1905 жылы Қарқаралы қаласында самодержавиеге қарсы шеру болды. Аталған шеруге жұмысшылар, шаруалар, сарбаздар қатысты;1941 жылы Алматы киностудиясы соғыс басталуына орай Қазақстанға көшірілген "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен орталық көркем фильмдер киностудиясы бірлестігі құрылды;1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді;1999 жылы құны бес мың теңге банкнот айналымға шығарылды;2012 жылы ҚР президентінің Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының артуына байланысты "Тараз" химиялық паркі" арнайы экоономикалық аймағын құру туралы жарлық жобасы енгізілді.15 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1862 жылы неміс драматургі Герхард Гауптман дүниеге келді. Ол драматургия саласына сіңірген еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған;1910 жылы кеңес футболшысы мен хоккейшісі, футбол жаттықтырушысы Михаил Якушин туды;1940 жылы италиялық дизайнер Роберто Кавалли өмірге келді.15 қарашада Қазақстанда кім туды1894 жылы ақын, жазушы, драматург Бейімбет Майлин дүниеге келді;1900 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшесі Шынқожа Бөрібаев туды;1910 жылы тау-кен инженері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхит Бөпежанов туды;1915 жылы профессор, педагог-ғалым, кеңес одағының батыры, Қазақ КСР ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Мәлік Ғабдуллин дүниеге келді;1934 жылы онколог-ғалым, профессор, медицина ғылымының докторы Қани Мұсылманбеков дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/77/11917736_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_bdb9897422c4483830a23c598c7da004.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер, танымал тұлғалар, танымал есімдер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер, танымал тұлғалар, танымал есімдер
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 15 қараша
Бұл Григориан күнтізбесіндегі 319-шы күн. Жыл соңына дейін 46 күн қалды
15 қараша күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
15 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін халықаралық шылымнан бас тарту күні. Жұрт "Бір тамшы никотин жылқыны өлтіреді" деген сөзді жақсы біледі. Осыны біле тұра көптеген адам әлі күнге дейін шылымнан бас тарта алмай жүр. Тіпті, керісінше жыл сайын шылым шегушілердің қатары көбейіп келеді. Аталған мереке қараша айының үшінші бейсенбісінде аталып өтеді.
Қазақстанда бүгін ұлттық валюта және қаржы саласында жұмыс істейтін кәсіби мамандар мерекесі. Орта ғасырларда түркілер күміс ақшаларын "денге", "таньга" деп атайтын болған. Яғни теңгенің және орыстардың "деньги" сөзі осыдан шыққан. 1993 жылы теңге айналымға енді. Осы уақыттан бері бұл елдегі ресми мерекелердің біріне айналды.
Мұнымен қатар, 15 қараша күні сүтті коктейль күні. Бұл мереке балалық шақты еске түсіреді. Біреулерге үйде, екіншілеріне дәмханада жасалған түрлері ұнап жатады. Бір қызығы, сүтті мүлдем іше алмаса да, сүтті коктейльдерден бас тарта алмайтын адамдар кездеседі. Сүтті коктейль ең алғаш 1865 жылы Ұлыбританияда пайда болған.
15 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1815 жылы алғаш рет "Елизавета" атты орыс кемесі Петербургтен Кронштадқа жол тартқан болатын;
1904 жылы АҚШ-та жүзі ауысатын ұстаралар патенттелді;
1933 жылы Мәскеуде алғаш рет троллейбустер жүре бастады;
1934 жылы КСРО-да дыбысы бар телебағдарлама көрсетілді;
1955 жылы Ленинград метрополитені қосылды.
15 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1905 жылы Қарқаралы қаласында самодержавиеге қарсы шеру болды. Аталған шеруге жұмысшылар, шаруалар, сарбаздар қатысты;
1941 жылы Алматы киностудиясы соғыс басталуына орай Қазақстанға көшірілген "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен орталық көркем фильмдер киностудиясы бірлестігі құрылды;
1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді;
1999 жылы құны бес мың теңге банкнот айналымға шығарылды;
2012 жылы ҚР президентінің Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының артуына байланысты "Тараз" химиялық паркі" арнайы экоономикалық аймағын құру туралы жарлық жобасы енгізілді.
15 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1862 жылы неміс драматургі Герхард Гауптман дүниеге келді. Ол драматургия саласына сіңірген еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған;
1910 жылы кеңес футболшысы мен хоккейшісі, футбол жаттықтырушысы Михаил Якушин туды;
1940 жылы италиялық дизайнер Роберто Кавалли өмірге келді.
15 қарашада Қазақстанда кім туды
1894 жылы ақын, жазушы, драматург Бейімбет Майлин дүниеге келді;
1900 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент-мүшесі Шынқожа Бөрібаев туды;
1910 жылы тау-кен инженері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхит Бөпежанов туды;
1915 жылы профессор, педагог-ғалым, кеңес одағының батыры, Қазақ КСР ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Мәлік Ғабдуллин дүниеге келді;
1934 жылы онколог-ғалым, профессор, медицина ғылымының докторы Қани Мұсылманбеков дүниеге келді.