Астанада жасанды интеллект қолданылған спектакль көрсетілді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныӘзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры Жылы мұң атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Жазылу
Сценография, костюм, жарық пен визуалды бейнелердің басым бөлігі ЖИ арқылы дайындалды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Астанада Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды.
Бұл спектакль жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – қазақстандық театр кеңістігінде алғаш рет ЖИ толыққанды шығармашылық құрал ретінде қолданылған жоба.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныӘзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды
В Астане публике представили спектакль Жылы мұң
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды
"Біз жасанды интеллектіні шығармашылық процеске қалай енгізу керегін ұзақ зерттедік. Бұл – үлкен тәуекел, себебі театр табиғаты адам сезіміне, актерлік ойынға негізделеді. Бірақ уақыт талабы – технологиямен жұмыс істей білу. Сценография, костюм, жарық пен визуалды бейнелердің басым бөлігі ЖИ арқылы дайындалды. Қазақ театрында мұндай эксперимент алғаш рет жасалып отыр", – деді театр директорының орынбасары.
Театрдың мұндай батыл шешімге келуіне Үкімет деңгейінде айтылған цифрлық трансформация бағыты да ықпал еткен.
Спектакльдің режиссері және пьеса авторы Нұржігіт Мүслімов премьера алдында қойылымның көркемдік мақсаты мен идеялық жүгін түсіндірді.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныӘзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды
В Астане публике представили спектакль Жылы мұң
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды
"Жылы мұң – жанұяның күйреуіне әкелетін нашақорлық дерті туралы эмоционалдық тұрғыдан ауыр, бірақ қоғам үшін аса маңызды шығарма. Мен көрерменді жылатып немесе үркітуді емес, ойландыруды көздедім. Әр адам бұл қойылымнан өз тағдырының бір бөлігін көруі мүмкін, әсіресе ана мен бала арасындағы нәзік байланысты сезінеді", – деді режиссер.
Қойылым көрерменді 2000 жылдардың атмосферасына жетелейді. Тарихи кезеңді қайта жаңғырту үшін ЖИ-дің көмегімен сол уақытқа тән интерьер, киімдер, тұрмыстық бөлшектер мен визуалды фон жасалған.
Махаббат грамматткасы спектаклі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Новосібірдегі ең көне театр Астанаға гастрольдік сапармен келеді
Жаңалықтар
0