Астанада түнде қар күреуге 400-ге жуық техника жұмылдырылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаҚар тазалау жұмыстары
Қар тазалау жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Жазылу
15 қараша күні қала көшелерінен 6 282 текше метр қар 514 рейспен шығарылды
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Астанада түнгі уақытта қар күреу жұмысына 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 15 қараша күні қала көшелерінен 6 282 текше метр қар 514 рейспен шығарылды.
"Түнгі ауысымда 213 жол жұмысшысы мен 395 арнайы техника қар тазалау жұмысына шықты. Қауіпсіздік мақсатында жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіліп, көктайғаққа қарсы шаралар күшейтілген", - деп жазылған хабарламада.
Қыс басталғалы бері елордадан 287 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 23 066 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең.
Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады, одан соң аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыстар жүргізіледі.
Неустойчивая погода, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2025
Қар және көктайғақ: 13 қазанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0