Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшыны күйік шалды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Жазылу
Оның жағдайы ауыр
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды. Кәсіпорынның бір жұмысшысын күйік шалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, 12 қарашада Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болған. Бір жұмысшы зардап шекті.
"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу басталды. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады", – деді ол.
Жәбірленуші Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне түсті. Денесінің 60-65 пайызын термиялық күйік шалған. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. 29 жастағы ер адам тиісті ем алып жатыр.
Пожар на заводе в Аксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт шықты: бір адам зардап шекті
Жаңалықтар
0