Жетісу облысында аумағы 9 мың гектардан асатын орман есепке алынбай қалған

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОрмандағы жидек
Ормандағы жидек - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерлерде табиғи екпелер мемлекеттік орман қорына енгізілуге жатады
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Жетісу облысы прокуратурасының шараларымен облыстың орман қоры алаңы ұлғайтылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орманмен көмкерілген және мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады.
Ведомство хабарлауынша, орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерлерде табиғи екпелер мемлекеттік орман қорына енгізілуге жатады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органның қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9 412 гектар жер облыстық орман қорына, атап айтқанда, Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарына қоса берілді.
автосалон Тойота - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Қарашада 168,3 мың автокөлік есепке қойылды
Жаңалықтар
0