Астанада мектептер карантинге жабылмайды

© Photo : Министерство просвещения РКҚазақстан мектептері карантинге жабылмайды - білім министрлігі
Қазақстан мектептері карантинге жабылмайды - білім министрлігі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Тек бұқаралық іс-шараларға уақытша тыйым салынады
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Астанада ЖРВИ мен тұмау салдарынан мектептердің карантинге жабылуы туралы қауесет жоққа шығарылды.
Мектептерде оқу жалғасып жатыр, маска режимі енгізілмеді. Бірақ бұқаралық іс-шараларға уақытша тыйым салынады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана қаласының білім басқармасы.

"Төтенше жағдай және қолайсыз ауа райы кезінде ғана онлайн оқыту білім басқармасының шешімі бойынша жүргізіледі", - деп атап өтті өз кезегінде оқу-ағарту министрлігі.

Қыркүйек айының басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 1,27 млн-ға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19%-ке аз, деп хабарлады санэпидбақылау комитеті.
Мектептердегі сырқаттанушылық деңгейі карантин шегінен аспайды, деп толықтырды ведомство.
Сібір жарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Атбасар ауданында карантин енгізілді - 19 адам ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтар
0