"Аптасына үш рет жүгіремін": Азия чемпионы атанған қария құпиясымен бөлісті

© Sputnik . Айдана Дайырова71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында жүлдегер атанды
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында жүлдегер атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
АЛМАТЫ, 14 қараша - Sputnik. 71 жастағы Төлеген Қожахметов Үндістанда өткен жеңіл атлетикадан 23-ші Азия чемпионатында бірінші орын иеленді. Бұл жолы ол Қазақстанның намысын Чинай қаласында қорғады. Sputnik Қазақстан тілшісіне Төлеген ақсақал өз тәжірибесімен бөлісті.
Жас күнінде кәсіппен айналысып, үш бала тәрбиелеген қария қазіргі уақытын да бос өткізбейді. Айтуынша, жаяу жүгірумен соңғы он жылдан бері айналысып келеді.
© Sputnik . Айдана Дайырова71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында бірінші орын алды
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында жүлдегер атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында бірінші орын алды

"Жас кезімде футбол ойнайтынмын. Қазір де ол спортты жақсы көремін. Бірақ жасым да, денсаулығым да келмейді. Сол себепті жүгірумен айналысамын. Осы жолы Үндістанның Чинай қаласында өткен Азия чемпионатына барып келдік. Қазақстаннан 38 адам қатысып, 67 медаль алдық. Медаль санын адамға бөлгенде Қазақстан бірінші орынды иеленді", - дейді Төлеген Қожахметов.

Жарысқа 22 мемлекеттен үш мыңға жуық спортшы қатысқан. Оның екі мыңы үндістер, 800-ден астам медаль иеленіпті.
Бірнеше марафонға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған Төлеген аға ұзақ шақырымды жарыстарға қатысқан. Соңғы екі жылда тым ұзаққа жүгірмеймін дейді. Жылына екі рет Қазақстанда өтетін чемпионаттарда бақ сынап жүр.
© Айдана Дайырова71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында бірінші орын алды
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында жүлдегер атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
71 жастағы Төлеген Қожахметов 23-ші Азия чемпионатында бірінші орын алды
"Бұл жолы мен бес медаль алдым, оның біреуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола. Бұл жерде бірнеше түрлі спорт түрі болды. Соның әрқайсысынан жүлделі орындар бұйырды. Бір аптада үш мезгіл жүгірумен айналысамын, ал үш мезгіл жаттығу залына барамын", - дейді Төлеген аға.
Жүйрік атаның бұйымтайы - осы спортты дамытуға көңіл бөлінсе дейді.
"Қаржылай, ұйымдастыру жағынан көмек болса жақсы болар еді. Бізде марафонға қатысатын адам көп, бірақ қаржы жоқ. Кейде демеушілер табылып жатады, бірақ бәрі емес. Президент салауатты өмір салты туралы көп айтады. Оны жақсарту үшін әрине қаржы керек. Марафон өткізейік десек спорт нысандарының жалға беретін қаражаты өте қомақты. Оған шама келмейді. Ал шетелге барып жарысқа қатысу үшін қалтамыздан ақша шығаруға мәжбүрміз", - дейді Азия чемпионы Төлеген Қожахметов.
Айта кету керек, жеңіл атлетикадан 23-ші Азия чемпионатына Қазақстаннан 78 жастағы ақсақалдар да қатысқан. Бәрінің қанжығасы майлы, мойындары медальға толып қайтқан.
Алматыдағы марафон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2025
Алматыдағы марафонға 60 елден келген желаяқтар қатысты
Жаңалықтар
0