Алматы облысында өзен жағасы қоқыс полигонына айналған

© Sputnik . Айдана ДайыроваАлматы облысында жол жасаушылар ауылды қоқыс полигонына айналдырды
Алматы облысында жол жасаушылар ауылды қоқыс полигонына айналдырды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Тұрғындар дабыл қағуда
АЛМАТЫ, 13 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында өзен жағасы қоқыс полигонына айналған. Тұрғындар тау боп үйілген қалдықтан мезі болдық дейді. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Іргелі ауылының қақ ортасынан Ақсай өзені ағып жатыр. Ақсайдың жағдайы ақсап тұр. Өйткені жағасы заңсыз қоқыс полигонына айналған.
© Sputnik . Айдана ДайыроваАлматы облысында жол жасаушылар ауылды қоқыс полигонына айналдырған
Алматы облысында жол жасаушылар ауылды қоқыс полигонына айналдырған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Алматы облысында жол жасаушылар ауылды қоқыс полигонына айналдырған
"Қоқысты әкеп төгіп-төгіп кетті де қалды. Иісі сұмдық, кім төгіп жатыр, неге төгіп жатыр, ешкім ешнәрсе айтпайды", - дейді Салтанат Күреңбай.
Қоқыс маңында жеке кәсіпкердің жұмыс орны бар, кірпіш өндіреді. Қоқыстан ол да мезі болған.
"Бұл жерден көпір салу керек болған, міне үш жыл болды, көпір жоқ. Есесіне тау-тау қоқыс қалды. Қазып ойранын шығарып кетті. Құрылыс жүргізген соң қоқысын тазалау керек қой", - дейді кәсіпкер Батырхан Тоқтаев.
Ауыл тұрғындары да, кәсіпкер де көпірді кім салып жатқанын білмейді.
"Он шақты түрік жүрген. Қазір ақшасы жоқ, тастады да кетті. Бұл менің меншігімдегі жер. Прорабына хабарлассам, ақшамыз жоқ құрып отырмыз дейді", - деді кәсіпкер.
Бұл жерден Алматыдағы салынуы керек ірі жолдың бірі түсу керек болған. Атақты Рысқұлов даңғылынан тартылған жол үлкен айналма жолға тірелуі керек. Бірақ жобалық құны 80 млрд теңге болатын жолдың қазіргі жағдайы адам аярлық.
"6 қатарлы жол болу керек еді. Кімге барарымызды білмейміз. Ең болмаса мына құрылыс бетондарын реттеп кетсе, қоқысты өзіміз-ақ көмер едік. Мен осы ауылда туып, осы суды кешіп өскен адаммын. Ауылыма жаным ашиды", - дейді Батырхан Тоқтаев.
Sputnik Қазақстан тілшісі қоқыстың мәселесін Қарасай аудандық әкімдігінен сұрады. Ведомствоның мәліметінше, бұл қоқыс уақытша шығарылған. Құрылысшы компания жұмыс аяқталысымен қоқысты шығарып әкетеді. Сондай-ақ әкімдік күре жол құрылысы аяқсыз қалмайтынын айтты.
Қоқыс үйінділері - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2025
Қоқыс үйінділерін тек қағаз жүзінде жойған әкімдер жазаланды
Жаңалықтар
0