https://sputnik.kz/20251113/zheti-adam-tiridey-zhanyp-ketti-zhurgizushige-sot-ukimi-shyqty-58746108.html
Жеті адам тірідей жанып кетті: жүргізушіге сот үкімі шықты
Жеті адам тірідей жанып кетті: жүргізушіге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші сотта жасаған іс-әркетіне шын ниетпен өкінетінін айтты 13.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-13T18:51+0500
2025-11-13T18:51+0500
2025-11-13T18:53+0500
жол апаты
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_0:100:1200:775_1920x0_80_0_0_cf79db1b4ec141b03dbb22e0e804e951.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. "Алматы–Екатеринбург" тасжолында болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық соты.Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жеті адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс қаралды.Жүргізуші мен бір жолаушы Шет ауданының ауруханасына әр түрлі дене жарақатымен жеткізілген, жолаушының денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірілген.Сот жүргізушіге жаза кесу кезінде оның жас баласының болуын, жасаған іс-әркетіне шын ниетпен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_93:0:1160:800_1920x0_80_0_0_7472b261ac63fc85d448e57e3e67d986.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, сот үкімі
Жеті адам тірідей жанып кетті: жүргізушіге сот үкімі шықты
18:51 13.11.2025 (жаңартылды: 18:53 13.11.2025) Жүргізуші сотта жасаған іс-әркетіне шын ниетпен өкінетінін айтты
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. "Алматы–Екатеринбург" тасжолында болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық соты.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жеті адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс қаралды.
"2025 жылдың 5 шілдесінде сағат 16.00 шамасында жүргізуші Д. "Kia Sedona" автокөлігімен "Алматы–Екатеринбург" тас жолында Балқаш қаласы бағытында келе жатып, "Toyota" маркалы автокөлікті басып озу барысында жол белгілеріне назар аудармай, шұңқырға түсіп шығып, одан әрі жолдың екі жақ шетінде орналасқан темір тосқауылдарға соғылған. Салдарынан автокөлік өртеніп, "Kia Sedona" маркалы автокөлігі салонында болған 7 жолаушы көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізуші мен бір жолаушы Шет ауданының ауруханасына әр түрлі дене жарақатымен жеткізілген, жолаушының денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірілген.
Сот жүргізушіге жаза кесу кезінде оның жас баласының болуын, жасаған іс-әркетіне шын ниетпен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.