Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.
14 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады.
Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

"14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді", - деп жазылған хабарламада.

16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.
17-19 қараша күндері Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді.
Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Жаңалықтар
0