Қазақстандықтар қай ақылы жолдармен көп жүрді

© Sputnik / Тимур БатыршинҚапшағай тас жолы
Қапшағай тас жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
Жазылу
Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жыл басынан бері көліктер көп жүрген ақылы жолдардың тізімін жариялады.
Жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 млн астам рет жүрген, дейді компаниядағылар.
Қазақстандықтар биыл көп жүрген жолдардың ондығына мына учаскелер кірді:
Алматы – Қонаев (10 млн)
Шымкент – Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
Шымкент – Тараз (5,5 млн)
Тараз – Қайнар (4,6 млн)
Шымкент – Қызылорда (4 млн)
Астана – Теміртау (3,8 млн)
Қонаев – Талдықорған (3,3 млн)
Астана – Щучинск (3,27 млн)
Щучинск – Көкшетау (2,82 млн)
Астана – Павлодар (2,1 млн)
"Бұл сапалы жол инфрақұрылымына деген сұраныстың артуын көрсетеді. Ақылы жолдар тек жылдам қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қалалар мен елдер арасындағы сенімді байланысты орнатып, аймақтардың экономикалық дамуына септігін тигізеді", - дейді компания мамандары.
Платный проезд по автобану Астана-Щучинск - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Қазақстандықтар қай ақылы жолдармен көп жүрді
Жаңалықтар
0